2022 жылдың 18 қазанында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы (E-R-1 санаты) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс жарияланған болатын. Аталған хабарландыруда байланыс және құжат тапсыру үшін sup-taraz@mail.kz электронды поштасы көрсетілген болатын. Алайда, MAIL.KZ қызметі техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемеуде, сәйкесінше, sup-taraz@mail.kz электронды поштасы арқылы үміткерлердің құжаттарын қабылдау мүмкін болмауда.
Жоғарыда аталғандарға байланысты, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы (E-R-1 санаты) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурсқа құжаттарыңызды b.bolatbekov@zhambyl.gov.kz, a.dauletbekova@zhambul.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Орын алған қолайсыздықтар үшім кешірім сұраймыз!