Тараз қаласы әкімдігімен 2022 жылдың ІIІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі, әкім аппараты, жұмыспен қамту орталығы және 7 әкімдік бөлімдерімен 2022 жылдың ІIІ тоқсанында мемлекеттік тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің 60 түрі бойынша барлығы 35409 қызмет көрсетілді. оның ішінде
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 2620. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы және құжаттарды дұрыс толтырмауы.
2022 жыл басынан мерзім бұзу фактілері орын алмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдар тіркелмеді.
2022 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысандағы ақпаратпен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімдермен 275 іс-шара ұйымдастырылып (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 1 050 000 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІІ тоқсанында әкімдіктің 2 бөлімдерінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде 2022 жылдың 19 шілдесінен 1 тамыз аралығында және тұрғын үй қатынастары бөлімінде 2022 жылдың 19-30 қыркүйекте ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілген.
2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекетік қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның қызметкерлері өтпеген.