Тараз қаласынының жергілікті атқарушы органдарында барлығы 153 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады.
Қалада Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жыл басынан бері 352 іс-шара ұйымдастырылып 14000-нан аса адам қамтылды. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жалпы саны 24 іс-шара (бейнеролик түсіру-3,байқау-3, дөңгелек үстел-1, таратпа материал-4, тәрбие сағаты - 1, кездесу-8, сауалнама жүргізу-1, турнир-3) ұйымдастырылып, 1350-ге жуық адам қамтылды.
Атап айтсақ, 100-ге жуық жасты қамтыған «Әділдік адамгершіліктің айнасы» атты кездесу, 120-ға жуық адамды қамтыған «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты сауалнама жүргізілді, 50-ге жуық адамды қамтыған «Заң Ортақ» атты тәрбие сағаты, 60-қа жуық адамды қамтыған «STOP! Жемқорлық» атты сурет байқауы, 100-ге жуық адамды қамтыған волейболдан турнир, 60-қа жуық жасты қамтыған «Жемқорлық қоғам дерті» атты кездесу, 60-қа жуық жасты қамтыған «Адалдық ардың ісі » атты кездесу, «Парадан бас тарт» атты тоғызқұмалақ ойынынан турнир, «Адал еңбек аздырмас» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында 400-ге жуық қала тұрғындарына үнпарақ таратылды. Сыбайлас жемқорлыққа алдын алу мақсатында, бірнеше жағдаяттық бейнероликтер түсіріліп әлеуметтік желі беттерінде жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жарияланды.
Анықтама ретінде: Әлеуметтік тапсырыс аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 5 кездесу, жоғары оқу орындарында академиялық адалдық және парасаттылық бойынша 5 семинар, орта араулы оқу орындарында академиялық адалдық және парасаттылық бойынша 5 семинар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 1 000 дана ақпараттық таратпа материалдарын (мемлекеттік және орыс тілдерінде) әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік желі беттерінде 3 челендж, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 1 постерлер байқауын ұйымдастыру, 3 бейне ролик әзірлеу жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жарияланды. Нәтижесінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі 562 500 теңгеге жеңіп алып, әлеуметтік тапсырыс аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 5 кездесу, жоғары оқу орындарында академиялық адалдық және парасаттылық бойынша 5 семинарлар, орта араулы оқу орындарында академиялық адалдық және парасаттылық бойынша 5 семинарлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 1 000 дана ақпараттық таратпа материалдарын (мемлекеттік және орыс тілдерінде) әзірлеу және олардың қоғамдық орындарда тарату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік желі беттерінде 3 челендж, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 1 постерлер байқауын ұйымдастыру жоспарлануда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында сенім жәшіктерін дайындау және оқу орындарда орнату. Сенім жәшіктерін қала аумағындағы 2 жоғары оқу орындарының ғимараттарына 5 орта арнаулы оқу орындарының ғимараттарына орнату, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 3 бейнеролик әзірлеу, Азаматтарды жеке мәселелер бойынша 3 қоғамдық қабылдау жүргізу жоспарлануда.
Жемқорлық сипаттарын болдырмауды насихаттауға бағытталған «JAMBYL» және «77 ТВ» телеарналарында 21 сюжет көрсетіліп, әлеуметтік желілерде 23, қалалық «Jambyl Taraz» газетінде 15 мақала жарияланды.
Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлықққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу мақсатында қаланың орталық көшелерінде 6х3 өлшемді 10 баннер орналастырылды.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Тараз - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылған. «Тараз – Адалдық алаңы» кеңсесі арнайы жоспарға сәйкес жұмыстар атқарып келеді.
«Тараз-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастауымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2022 жылға 46 іс-шара өткізілді.
2019-2020 жылдары қалада «Сервистік әкімдік» (Жүнісәлиев,1 және Төле би, 55 мекен-жайда орналасқан ғимараттарында) ашылған. Сервистік әкімдіктер тиісті жабдықпен қамтамасыз етіліп және тұтынушылар үшін қолжетімді wi-fi интернет желісі орнатылған.
Қала әкімдігіне бағынысты барлық мекемелердің «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы аясында 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері интерактивті картаға орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен шарттарын анықтау және оның себептерін жою мақсатында нақты шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізу механизімі әкімдікте кеңінен қолдануда.
Барлық мекеме басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы жоспар жасау және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттырып, ішкі бақылау жұмыстарын жандандыру бойынша шаралар қабылданған.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын 18 наурыз, 20 мамыр, 8 шілде күндері өткізіліп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылық жасағандарға қатаң жазаға тартылғандардың тағдыры туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласы әкімдігінде жыл басынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар орын алған жоқ.
Әкімдік тарпынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды орындау үшін алдағы уақытта да жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылатын болады.