2022-2023 жылдары жалпы құны 17,6 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, жобалар іске асырылғанда 1024 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
1) «Kisc» ЖШС-ның (дир. Храмцов Виктор Сергеевич, «Запчасть» АҚ-ның бас директоры)-«Металл құю цехын жаңғырту» жобасы. Жобаның құны – 1 млрд 870,0 млн. теңге, бүгінгі күні металл құю қуаттылығы 3,5 мың тоннаға дейін болса, модернизациядан кейін қуаттылығын жылына 24,0 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр, ашылатын жұмыс орындары 150 бірлік.
2022 жылдың желтоқсан айының соңында техникалық іске қосу жұмыстары жүргізіледі.
2) «Alina Group» ЖШС-ң (дир. Подольский А.) «Өндірістік базасын кеңейту және жаңарту» жобасын (Жоба құны - 7,31 млрд. теңге, жоба қуаттылығы жылына - 150 мың. тонна, 169 жаңа жұмыс орнын ашу) ұсынылған болатын. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 50 пайызға аяқталған. 2022 жылдың тамыз айында іске қосылды.
3) «Дәмді себет» ЖШС-ның (дир. Тультаев Алмас) – «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны 320 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2160 тонна ұн өнімдері, ашылатын жұмыс орындары 105 бірлік. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 80% пайызға аяқталды. Құрылыс жұмыстары кезінде 50 адам жұмыспен қамтылуда. Іске асыру мерзімі 2022 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.
4) «СП-Тараз PET» ЖШС-ның (дир. Амандосов Елжан) «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу» жобасы. Жоба құны – 3 млрд. 860,0 млн. теңге (оның 1238,8 млн. теңгесі жеке және 2621,1 млн. теңгесі қарыз есебінен). Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік.
Инфрақұрылымға (су, электр, газ) 203,0 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде, республикалық бюджеттен 185,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 18,0 млн. теңге. Қазіргі уақытта инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың II тоқсанында инфрақұрылым мен құрылыс жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр. Іске қосылу мерзімі -2022 жыл.
Анықтамалық: Инфрақұрылымды тартып жатқан мердігер «Пірақ құрылыс» ЖШС-і «ГРЭСС» АҚ-ның аумағынан кәріз құбырларын тарту мәселесі шешімін таппай жатыр.
5) «Alima Delux» ЖШС-ның (дир. Көмекбаева Әлия) «Тұрмыстық техника зауыты» жобасы (газ плита өндірісі). Жоба құны – 3 млрд. 354,0 млн. теңге (оның 27,0 млн. теңгесі өз қаражаты, 2 000 млн. теңгесі қарыз сомасы, қалған 1 млрд 327 млн теңге басқа да қаражаттар). Жобаның қуаттылығы жылына 100 мың дана газ плита шығару, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 500 бірлік.
Жобаны іске асыру үшін Тараз-Аса айналмалы тас жолы бойындағы индустриалдық аймақтың жанынан 11,0 га жер телімі бөлінді. Жер телімінің топографиялық түсірілімі жасалып, актісі алынды.
Бүгінгі күнге Түрік мемлекетінің әлеуетті инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде. Түрік мемлекетінің инвесторлары «Alima Delux» ЖШС-ның 49% үлесіне қатысу үшін «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС-не қажетті құжаттарды жинақтауда және жобаны қаржыландыруға қажетті қаражат алу үшін Қазақстан Республикасының Даму банкіне де құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар, зауыттың эскизі мен жобалық-құжаттары және техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып аяқталды.
Инвестициялық жобаны толық қолдауды Kazakh Invest Ұлттық компаниясы жүзеге асыруда.
Анықтамалық: «Самұрұқ Қазына Инвест» АҚ-нан 19 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлуге хат жолданған болатын. Хатқа жауап қаралу үстінде
6) «Оргэлитстройсервис» ЖШС-ның (дир. Үдербаев Хасен) «Қант қызылшасы мен мелассаны терең өңдеу арқылы қант өндірісі» жобасы. Жоба құны 880,0 млн. теңге, жоба қуаттылығы жылына 6120 тонна қант өндірісі, 330 тонна қант мелассасы, ашылатын жұмыс орындары 36 бірлік. Жобаны іске асыру үшін Асқаров көшесінің соңынан 5,5 га жер телімі берілді. Іске қосылу мерзімі 2023 жылдың І жарты жылдығына жоспарланып отыр.
ҚР индустриаялық-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2021 жылы ЖК «Империя» «Балмұздақ шығаратын цехын ашу» жобасы іске қосылды. Жоба құны 800 млн.тг, жаңа жұмыс орындары 123 бірлік.
Мәселе: Жобаны іске қосу 2021 жылдың аяғында бітіру қажет етін. Кәсіпкердің айтуы бойынша кабель желісінің материалдар сапасы төмен. Мердігер компания «ТаразПромСтрой» ЖШС жұмыстарының 70% аяқтап, сынақ жұмыстарын жүргізіп, қоршаулары қойылады.
Жоғарыда аталған жобаларға қосымша 2020-2025 жылдарға Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасына Тараз қаласынан 2022 жылы 3 жоба ұсынылды.
Атап айтқанда:
«Кульжанов» ЖК (дир. Кульжанов Турлыбек Нурсеитович) құрылыс материалдарын өндіруге арналған жабдықтар шығарады. Инвестицияға бөлетін қаржысы 250 млн. теңге. Модернизациядан кейін ашылатын жұмыс орны 50-бірлік.
«Асимус» ЖК (дир.Гүлсім Елешова) ортопедиялық матрастар мен жастықтар өндіреді. Инвестицияға бөлетін қаржысы 150 млн. теңге. Модернизациядан кейін ашылатын жаңа жұмыс орындары 20-бірлік.
«L-Вита Темп Строй» ЖШС (дир. Еркін Сүлейменов) пескоблок өндірісі және бетон араластырғыш қондырғы жобасы. Жоба құны 200 млн. теңге. Жоба қуаттылығы күніне 2000 кірпіш. Ашылатын жаңа жұмыс орындары – 20 бірлік.
Аталған жобаларға Шалғай қарасу, Хамукат алқаптарынан жер қарастырылды.
Индустриялық аймақтың инфрақұрылымын талдау.
Бүгінгі күні «Тараз» ИА дамыту мақсатында бірінші кезеңде «Тараз» инженерлік-көлік инфрақұрылымы құрылысың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ол үшін электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету/су бұру, темір жолдар, байланыс және интернет желісіне қосылуға, сондай-ақ «Тараз» ИА үшін автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға техникалық шарттар алу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Тараз қаласы бойынша келісідей техникалық шарттар алынды:
1) Электрмен жабдықтау;
-«ЖЭЖ» ЖШС-нан бірінші кезек үшін 10 МВт және екінші кезек үшін-35 МВт;
-«ТМЗ»ЖШС-нан екінші кезек үшін -20МВт;
2) «Тараз су» МКК-нан су мен қамтамасыз ету/су бұру;
3) «Казфосфат» ЖШС-нен темір жолына қосылу;
4) «КазТрансГазАймақ» АҚ-на газбен жабдықтау сағатына 12000 м3;
5) «Қазақтелеком» АҚ-нан байланыс/интернет;
Бұдан басқа, электр энергиясына тарифтерді төмендету бөлігінде индустриалды аймақтың инвестициялық тартымдылыған арттыру мақсатында «Тараз» ИА жер учаскілері бойымен өтетін «KEGOC» АҚ желілеріне тікелей техникалық шарттар алынды. Бұл шара электр энергиясына қолданыстағы тарифтерді төмендету есебінен өзіндік құны неғұрлым төмен өнім шығару мәселерін кешенді шешуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Индустриалды аймаққа қосу сатысындағы 3 ірі жобалар бар, олар:
«TB Alloys Kazakh limited» (Үндістан, Monnet Group) –«Ферросилиций өндіру» жобасы. Жоба құны 54,5 млрд. теңге. Жоба қуаттылығы жылына 35 мың тн. Ашылатын жұмыс орны 450-бірлік. Жер телімі 40 га. Техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, жұмыстар жүргізілуде.
«Нур Хим» ЖШС «Аралас минералды тыңайтқыштар өндірісі» жобасы. Жоба құны 160 млн.теңге. Жоба қуаттылығы жылына 9360 тн. Ашылатын жұмыс орны 40-бірлік. Жер телімі 1.2 га. Техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, жұмыстар жүргізілуде.
«Нур Хим» ЖШС «Трикотаж және тігін бұйымдарын өндіру» жобасы. Жоба құны 105 млн.теңге. Жоба қуаттылығы жылына 312 000 бірлік. Ашылатын жұмыс орны 20-бірлік. Жер телімі 0.8 га. Техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, жұмыстар жүргізілуде.
«Аскар-Тау НС» ЖШС «Асфальтбетон қоспасы, битум эмульсиясы және қара қиыршық тас өндіру» жобасы. Жоба құны 300 млн.теңге. Жоба қуаттылығы жылына 189 мың тн. Ашылатын жұмыс орны 15-бірлік. Жер телімі 3 га. Техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, жұмыстар жүргізілуде.
Бұл үш ірі жобадан басқада Индустриялық аймақта өндірісті орналастыру мүмкіндігін қарастыратын жалпы құны 5 млрд. 200,2 млн. теңгеден асатын және қажетті орналастыру алаңы 25,5 га, болатын 12 жобадан тұратын әлеуетті қатысушылар базасы қалыптастырылды.
1.«Үшарал» ЖШС Темір-бетон бұйымдарын өндіру. Жоба құны 225 млн. теңге. Жоба қуаттылығы әзірленуде. Ашылатын жұмыс орындары 10-бірлік. Жер телімі 3 га.
2.«ЭКО-РБК» ЖШС Медициналық қалдықтар мен өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату бойынша кешені. Жоба құны 30,0 млн. теңге. Жоба қуаттылығы әзірленуде. Ашылатын жұмыс орындары 11-бірлік. Жер телімі 1 га.
3.«Тау» тәжірибелік-механикалық зауыты» ЖШС Өндірістік қуаттарды кеңейту, құю цехын орнату. Жоба құны 283млн. теңге. Жоба қуаттылығы әзірленуде. Ашылатын жұмыс орындары әзірленуде. Жер телімі 3 га.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен барлығы 460 жоба 7 млрд. 533,2 млн. теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде:
«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 742,7 млн.теңгеге 3 жоба қаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз және пайызсыз берілетін «гранттық қаржыландыру» тетігіне 2022 жылы Жамбыл облысы бойынша соммасы 21,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасында облыс бойынша конкурс өткізіліп, алдағы уақытта жобалар қаржыландырылатын болады.
Шағын және орта бизнестің дамуы туралы
2022 жылдың 1 тамызына статистика басқармасының есебі бойынша Тараз қаласында тіркелген кәсіпорындардың жалпы саны - 35957 (2021 жылы - 32260), оның ішінде шағын - 6820 бірлік және орта - 28, жеке кәсіпкерлер – 28774, шаруа қожалықтары - 335. Нақты жұмыс жасайтындар саны – 28758 (2021 жылы -23933), шағын - 4823, орта - 28, жеке кәсіпкерлер - 23610, шаруа қожалығы – 297 бірлік.
Былтырғы 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелгендер саны 3697 бірлікке, нақты жұмыс жасайтындар 4825 бірлікке өскендігі байқалады.
Жеке кәсіпкерлік қызметін кеңейтуге, өз ісін ашуға ниет білдіруші азаматтарға шағын несие берумен «KazMicroFinance» Микрокредиттік Ұйым» ЖШС-і қорының Тараз филиалы айналысады, олар жылына 23-26% 2 айдан 5 жылға дейін несие береді. 2022 жылғы қаңтар-сәуір айында 3 млрд. 729 млн. 219 мың теңгеге 3340 несие берді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ғимарат, құрылым, өндірістік жай, пәтерді өндірістік қызметтерге, жертөлелерді қайта жобалау жөніндегі жеңілдіктер жалғасуда, 2022 жылы қаңтар-шілде айында 0,07 шаршы метр алаңда 5 пәтерді дүкен, 4 пәтерді кеңсе, 1 пәтерді дәріхана, 2 пәтерді тіс емханасы, 2 пәтерді медициналық орталық, 2 пәтерді шаштараз, 2 пәтерді сұлулық салон ретінде қайта құрып, жапсарлас құрылысқа рұқсат берілді.
Жеке және заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (жалға) және жеке меншік құқығына кәсіпкерлік үшін жер учаскесін беру туралы 2022 жылы қаңтар-мамыр айында 169 қаулы қабылданып, ұзартылған көлемі 14,88 га құрайтын 169 жер телімі берілді.
Қазақстандық жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелері бойынша
2022 жылы Тараз қаласындағы «Мемлекеттік сатып алу бағдарламасы» аясында «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу арқылы жергілікті қамтуды есептеудің біріңғай әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бірқатар қала әкімдігіне қарасты бөлімдерімен жұмыс жүргізілуде.
«Қарапайым заттар экономикасы» салаларына жататын өнеркәсіптің 2022 жылғы 1 тамыз айына мәлімет (8 бағыты бойынша) жергілікті қамту үлесі.
2022 жылы жергілікті қамту үлесі бойынша жұмыстарды жоғарғы деңгейде жүргізу үшін аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтау және дамытуды айқындайтын маңызды аспектісі саналатын жергілікті қамту есебі бірқатар қала әкімдігіне қарасты мекемелерімен тығыз жұмыс жүргізілуде.
Сауда базарларын жаңарту (модернизация) бойынша
01.04.2022 жылға Тараз қаласында ресми 18 сауда базары тіркелген, оның біреуі қызметін тоқтатқан ( ЖШС торговый центр "Атакент-Тараз"). Тараз қаласындағы базарлардың 15-і әмбебап, 2-уі арнайы мамандандырылған: «Достық» құрылыс базары және «Автотауар» автобөлшектер базары.
Басты проблема қазіргі таңда заманауи талаптарға сай келетін «Орталық базар» - 6,5-7 %, деңгейінде ғана сатушылармен қамтылған. Базарлардағы сауда орындарының қамтылуы - 49,9% пайызды құрап отыр.
2021 жылы қаладағы сауда базарларынан түскен салықтың көлемі – 75 млн 252 мың теңгені, 7 айдың қорытындысы бойынша – 54 млн. 293 мың теңгені құрап отыр.
Тараз қаласының халқы сауда аланымен толықтай қамтамасыз етілген.
Жалпы, сауда орындарында кәсіпкерлікті заң талаптарына сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 15-ші наурызында облыс әкімінің орынбасарымен «Жамбыл облысындағы базарлар мен өзге де сауда орындарын қолданыстағы заңнама талаптарына сай келтіру бойынша кешенді іс-шара жоспары» бекітілген.
Барлық базар қызметі негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 5 ақпанындағы №131 Қаулысымен бекітілген «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру» қағидалары шеңберінде реттеледі.
Қазақстан Республикасының сауда саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестендіру үшін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Осы мақсатында базар басшылықтарымен бірлесе отырып, әрбір базар бойынша қайта жаңартудың жол карталары әзірленген. Бүгінгі күні осы жол карталары аясында жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, наурыз-сәуір айында модернизациялау жұмыстары басталатын базарлар («Салтанат», «Нұралы», «Береке», «Якка сарай», «Арзан») басшылары және кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі арасында модернизациялау бойынша жол картасы әзірленді.
Осы орайда, ең алдымен қала орталықтарында тұрғындардың көп шоғырланатын базар орындарын заманауи талаптарға сай етіп тұрғындарға қалыпты түрде сапалы қызмет көрсетуге ыңғайлы сауда орындарын қалыптастыру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әр базар құрылтайшыларымен базарларда модернизация жүргізу бойынша 2020 жылдын бастап базар басшыларымен жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы бірнеше рет, биылғы жылы 3 рет базар басшыларымен кездесулер өткізілді.
Жалпы, Тараз қаласында орналасқан сауда базарларының ішінде бүгінгі күнге 8-де («Арзан», «Нұралы», «Дәулет», «Жібек жолы», «Якка сарай» «Береке» «Салтанат», «Ысты»,) модернизациялау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі таңда бірқатар қала базарларында модернизация жұмыстары басталды, атап айтқанда:
«Даулет» базары. Базар әкімшілігімен базардың мақсаттық бағыты сауда ойын-сауық орталығы болып өзгертіліп, жобалық–сметалық құжаттарына сәйкес 2021 жылдан бастап сауда ойын- сауық орталығының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыстың 70 пайызы аяқталған. Аяқталу мерзімі 2022 жыл –желтоқсан.
«Жібек жолы» базарының әкімшілігімен эскиздік жоба әзірленіп, екі қабатты, құрылыс материалдарын сататын ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыстың 1 қабаты іске қосылған, толықтай аяқталу мерзімі 2022 жыл, желтоқсан айы.
«Арзан» базарында модернизация жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Қазіргі таңда көршілес Ресейден жеткізілетін (терезе қанқаларын жасайтын материалдардың) жоқтығынан уақытша құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Құрылыс материалдары жеткізілген жағдайда 15 (он бес ) күн мерзімінде құрылыс толықтай аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыс материалдарына қаржы алдын-ала төленіп қойылған.
«Салтанат» базары. Эскиздік жобасы әзірленген. Құрылыс жұмыстарының 1 кезеңі, яғни 50 пайызы 2018 жылы аяқталған. Құрылыстың екінші кезеңін жүргізу қаржы қиыншылықтарына байланысты тоқтатылған. Құрылыстың екінші кезеңі екінші деңгейлі банктермен несие мәселесі шешілген жағдайда, басталады.
«Якка сарай» базары. Эскиздік жоба әзірленген. модернизация жұмыстары басталды. Базардың қас бетіне ішінара жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда қаржылық қиыншылықтарға байланысты құрылыс тоқтап тұр.
«Ысты» базары. Эксиздік жоба әзірленген. Қазіргі таңда несие мәселесі бойынша банктермен жұмыстар жүргізілуде.
«Нұралы» базары. Базардың жер телімінен су құбырының өтуіне байланысты базар басшылығы сәулет және қала құрылыс бөлімімен эскиздік жобаны келісе отырып өзгертіп, сауда орындарын жеңіл конструкциядан салуды жоспарлауда.
Қазіргі таңда қаржылық қиыншылықтарға байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізу тоқтап тұр.
«Береке» базары. Эскиздік жоба әзірленген. Қазіргі таңда несие мәселесі бойынша банктермен жұмыстар жүргізілуде. Несие мәселесі шешілген жағдайда құрылыс жұмыстарын бастауға даяр.
Базарларды қайта жаңғырту жұмыстары бойынша бөліммен жүргізілген зерделеу жұмыстары көрсеткендей басты проблема қаржылық қиыншылықтарға тіреліп отыр. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты құрылысқа жұмсалатын шығын мөлшері көбейген.
100 жоба бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар
100 жоба бойынша аталғандай жұмыстар жүргізілуде, 42 жобаның сомасы 418,1 млн. теңгені құрап, 239 адам жұмыспен қамтылады.
2021 жылы кәсіпкерлерге Тараз қаласында шалғай аудандардан аукцион арқылы 20 жер телімі (көлемі 1,26 га) 3 жыл мерзімге берілді.
І тоқсанда атқарылған жұмыстар 7 кәсіпкердің құжаттарын 2-ші деңгейлі банкерге құжаттарын тапсырттық, оның 5-де кепілі болмады. 2 кәсіпкердің құжаттары рәсімделуде.
Түсіндіру жұмыстары жүргізілген уақытта, шалғай аумақ тұрғындарынан 14 ұсыныс түсті.
Қаладағы бей-берекет сауда орындарын ретке келтіру және атқарылған жұмыстар туралы
Тараз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы «Тараз қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» №6206 Қаулысымен қалада шағын бизнесті қолдау мақсатында жеке тұлғаларға қала аумағынан ұлттық сусындар, көкөніс және тағы да басқа тауарларды сату үшін 84 орын белгіленді. Оның ішінде: ұлттық алкогольсіз сусындар (ағаш поддонға орналасқан киіз үйден) сатуға арналған сауда орындарына 19 орын, бау-бақша және жеміс жидек, көкөніс өнімдерін сатуға арналған сауда орындарына 19 орын, құйылмалы балмұздақ сауда орындарына 16 орын, нан өнімдерін, жылдам дайындалатын және жартылай дайын тағам өнімдерін сатуға арналған сауда орындарына 30 орын берілді.
Қала аумағында заңсыз, белгіленбеген жерлерде сауда орындарының алдын алу және ретке келтіру мақсатында Тараз қаласы әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №28-ө өкімімен жаңадан жұмысшы тобы құрылған.
Жұмысшы тобы қала аумағындағы белгіленбеген жерлердегі сауда орындарын ретке келтіру мақсатында жергілікті полиция кызметкерлерімен бірлесе отырып. мониторинг жүргізіп, зерделеп, заңсыз сауда орындарын ретке келтіру мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қала аумағындағы бірқатар орындарда заңсыз сауда ошақтар ретке келтірілді.
Тараз қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204 бабы бойынша 1255 тұлғаға хаттама толтырылып, 449 тұлғаға ескерту жасалып, 810 тұлғаға айыппұл салынды.
Негізгі әлеуметтік азық-түлік тауарларын қамтамасыз ету
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.
Қала аумағындағы 630-дан аса азық-түлік тауарларын сататын сауда дүкендері жұмыс істейді.
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мамандары қаладағы сауда дүкендеріндегі азық-түлік тауарлары бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде апта сайын 55-75 азық–түлік дүкендері қамтылуда. Мониторинг жүргізудің басты мақсаты: азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру, тауарлардың негізсіз өсуіне жол бермеу, әлеуметтік азық-түлік тауарларына үстеме ақыны 15% пайыздан және бекітілген шекті мәннен асырмау болып табылады. Сонымен қатар мәлімет апта сайын Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына жолдануда.
Мониторинг нәтижесінде тауар түрлерінінің үстеме бағасын 15 пайыздан және шекті мәннен асырған дүкен иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сауда үстемесін асырған жағдайда Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы №400-Заңына сәйкес шара қолданылатындығы ескертілуде.
Дүкен басшылары ескерту хатпен таныстырылды.
Сонымен қатар азық-түлік тауарларының бағасының сөреде болуын және кассада айырмашылық болмауына байланысты Тараз қаласы әкімдігі мамандарымен мониторинг жұмыстары жүргізіліп, бірқатар шағын дүкендерде азық-түлік тауарларының сөрелерде бағаларының жоқтығы анықталып, дүкен иелеріне ескертулер жасалды.
Ағымдағы жыл басынан бері Бөліммен Прокуратура Ұсынысы және тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың негізінде 10 ішкі сауда субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңбұзушылыққа ол бергені үшін 6 жеке кәсіпкер мен 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте, ЖК «Мурахмедов Миркадыр Миралымович» («Leo» дүкені) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде заңбұзушылықты қайталап жасағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4 бабының 2-бөлігімен айыппұл түріндегі (10 АЕК – 30630 тг) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шара қолданылған кәсіпкерлік субъектілері:
Заң бұзушыларға қолданылған шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен қалалық газеттерге жариялау үшін жолданды.
Тараз қаласы әкімдігі тарапынан азық-түлік, негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жалғаса береді.