Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа он жылдық- Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін 2010 жылдың 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №301 қаулысымен мемлекеттік «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бекітілді.
2019 жылдың 24 желтоқсандағы «Бизнестің жол картасы -2025» бизнесті қолдаумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №968 қаулысы болып өзгерді.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ««Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының операторы болып табылады. Бағдарламаның шарты бойынша Кәсіпкер екінші деңгейдегі банктерге өтініш білдіреді. 2020 жылдан бастап алатын несиенің пайызын субсидиялау тетігі бойынша несие 14,25% құрайды, оның 8,25% мемлекет тарапынан көмек ретінде төленсе, 6% кәсіпкер төлейді. Несие 5 жылға 7 млрд.теңгеге дейін беріледі. 5 жылдан тағы созылатын болса кәсіпкер ары қарай қалған несиені жеңілдіксіз толық 14,25% төлейді. Несие аларда банкке қойылатын мүлігі жетіспеген жағдайда «Даму» қоры өз тарапынан белгілі бір пайызға гарант бола алады. Банк кредиттары бойынша кепілдік беру құралы бойынша (гарантирование) Бұрыннан жұмыс жасап жатқан (действующий) кәсіпорындардың несие алғанда қоятын кепілдігі (залог) жетіспеген жағдайда қойылатын мүліктің 50%-на «Даму» қоры гарант бола алады. Кәсібін жаңадан ашқан 3 жылдан төмен кәсіпкерлерге 85%-на дейін гарант болады. Қалған 15% пайызын кәсіпкер ақшалай немесе заттай мүлік ретінде кепілдікке қойылады. Мемлекеттік қолдау осылайша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау мақсатында "Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қайтарымсыз және пайызсыз гранттар (2млн.тг.-5млн.тг.) дейін беріледі. Ол бағдарламаға қатысу үшін біріншіден кәсіпкерлік куәлігі болу керек, екіншіден кәсіпкердің біздің облысымызда жоқ инновациялық идеясы, яғни бизнес-жобасы болуы қажет. Кәсіпкер грантты ұтып алу үшін жылына бір немесе екі рет өтетін байқауға қатыса алады. Грантты байқау комиссиясы қарап шешім шығарады.
«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілеріне жетіспейтін инфрақұрылым тетігі (газ,свет,телефон,су,бу,кәріз жүргізу, жылумен жабдықтау, теміржол тұйықтары, кіші электр станциялары және т.б.) мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі. Кәсіпкер Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына құжаттарын өткізеді, сосын аймақтық үйлестіруші кеңесіне (АҮК-РКС) қарауға жіберіледі. Кеңесте жоба мақұлданса, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика басқармасына жіберіледі.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру барысы
Бұл жеңілдетілген несие жылдық пайыздық ставкасы 15 %-дан аспайды. Осы бағдарламаға қатысу үшін Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерді Екінші дейгейлі банктерге жолдайды.