Тараз қаласы әкімдігімен /әкімімен/ 2022 жылдың 7 айында қабылданған құқықтық /нормативтік-құқықтық/ актілер туралы АҚПАРАТ

Тараз қаласы әкімдігімен /әкімімен/ 2022 жылдың 7 айында жалпы: қаулы – 3837;  шешім – 9; өкім –  (57-ө; 261-ж/қ) құқықтық (нормативтік құқықтық) актілер қабылданды.

         Оның ішінде, Әділет министрлігіне келісуге ұсынылып, мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік-құқықтық актілердің жалпы саны – 1 (қаулы ):

«Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Жамбыл облысының Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №1155 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №514 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3875 болып тіркелген).

Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған актілер бүгінгі күнге дейін болған жоқ.

Сонымен қатар, бүгінгі күні, мемлекеттік тіркеуге жататын «Тараз қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімі шешімінің жобасы мемлекеттік органдармен және ұйымдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылауы үшін ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. Талқылау мерзімінің аяқталуы ағымдағы жылдың 5 тамызы. Талқылау барысында портал пайдаланушылардан ескертулер мен ұсыныстар түспеді.    

Дата публикации
29 августа 2022