Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушысының №3 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы

1

2

3

4

5

1

Қапал көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына кіші футбол алаңшасын орнату мәселесін зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары (жинақтау),

дене шынықтыру және спорт, жер қатынастары бөлімдері

Қапал көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына кіші футбол алаңшасын орнату  мәселесі мамандар тарапынан  жергелікті орынға шығып зерделеу жүргізілген. Зерделеу нәтижесінде  Қапал көшесіндегі  көпқабатты тұрғын  үйдің ауласынафутбол алаңшасын  орнатуға  қолайлы жер телімі  жоқ екендігі анықталды.

2

Қапал көшесінен Абай даңғылына шығар жолға асфальт жабындысын төсеу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қала көшелері және жаяу жүргінші жолдарын жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім қала әкімдігінің экономика бөліміне берілді. Қаражат қарастырылған жағдайда аталған жерге асфальт жабындысын салуға жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары қарастырылатын болады.

3

Қапал көшесі мен №23 мектепке барар жолға жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салуды зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қала көшелері және жаяу жүргінші жолдарын жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім қала әкімдігінің экономика бөліміне берілді. Қаражат қарастырылған жағдайда аталған жерге асфальт жабындысын салуға жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары қарастырылатын болады.

4

Қапал көшесінің 4-бұрылысы №2/1 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында құрылысы аяқталмаған нысанда тұрған кранның жел соққанда құлап қалу қатерін анықтау мақсатында жұмыс тобын құрып, кранның қауіпсіздігін зерделеу, құзырлы мекемелерге хат жолдап, шешу жолдарын қарастыру

2022 жылғы

4 шілде

Қала әкімдігінің құрылыс(жинақтау),

сәулет және қала құрылысы бөлімдері

Тараз қаласы,  Қапал көшесінің 4-ші бұрылысы, №2/1 үйдің тұрғындарының осы үйдің ауласында бітпей қалған құрылыс нысанасындағы  мұнара кранының жел соққанда құлап қалу қатерін анықтау мақсатында «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-сі тарапынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне жоғарыда аталған мекен жайдағы мұнара кранының  тұрақтылығын, құлап қалу қатері бар ма, жоқ па  жан-жақты қауіпсіздігін тексеру шараларын жасап, тұрғындарға жауабын, бөлімге мәлімет үшін ақпарат беру туралы хат жолданды.

           Осыдан кейін, жоғарыда аталған мекеменің тексеру ашуы үшін қызметтік қажеттілікке байланысты сұранысы бойынша, бөлім тарапынан жер телімінің иесі, орналасқан мекен жайы, БСН-ні, жер телімінің мақсаты жайында ақпарат даярланып, қосымша мәлімет жіберілді.

 

5

Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес Қапал каналындағы 3 шлюздің құрылысын толық аяқтау және  тазалау жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қазіргі таңда Қапал каналындағы 3 шлюздің құрылысы толығымен аяқталды. Жұмыстарды жүргізген  мердігер мекеме «Әльмансур» ЖШС.

6

Көшеней көшесінің бойындағы тал-дарақтарды кесу, күтіп-баптау

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (жинақтау),

«Жасыл Ел - Тараз» ЖШС

Көшеней көшесінің бойындағы тал дарақтардың  жағдайы  зерделеніп,   ережеге сәйкес санитарлық бұталау жұмыстары  жүзеге асырылады

7

Көшеней көшесі №78 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңы мен стрит-воркаут орнатуды зерделеп, ұсыныс енгізу

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары (жинақтау),

дене шынықтыру және спорт, жер қатынастары бөлімдері

Көшеней көшесі №78 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына «Сигрост» ЖШС  балалар ойын алаңы мен стрит-воркаут жұмыстарын жүргізуде.

8

Көшеней көшесі №78 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын асфальттау мәселесін зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Көшеней көшесі №78 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына асфальттау жұмыстары «Сигрост» ЖШС жүргізуде

9

Көшеней көшесі №78 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы бос жатқан жер телімінің иесін анықтап, тиісті шара қолдану

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі(жинақтау),

қала әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі

Көшеней көшесі №78 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы бос жатқан жер телімі 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №3488 сыйға тарту шартының негізінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, 3 А мекен жайдағы жалпы көлемі 0,4268 га жер телімі жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін У.З. Абдуллаевқа жеке меншік құқығы рәсімделген.

10

Көшеней көшесіндегі жол кептелісіне байланысты жол жүру ережесін қамтамасыз ету және жол белгілерін орнату  жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы

29 шілде

Тараз қаласының полиция басқармасы

(келісімі бойынша)

Қазіргі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

Конкурс нәтижесі бойынша мердігер анықталған жағдайда Көшеней көшесіне жол белгілерін орнату жол бөлігін таңбалау жұмыстары жүргізілетін болады.

11

«Дүние» кафесі орналасқан жер телімінің заңдылығын тексеріп, оңтайлы шешім қабылдау

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі(жинақтау),

қала әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі

2019 жылғы 3 желтоқсандағы №2354 сатып алу сату шартының негізінде Тараз қаласы, Көшеней көшесі, 76 жайдағы жалпы көлемі 0,2325 га жер телімі үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін жеке меншік құқығы У.А. Дадабаевқа рәсімделген.

12

Көшеней көшесінен әлеуметтік дүкен ашуды зерделеп, тиісті ұсыныс енгізу

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің ауылшаруашылығы (жинақтау),

кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері

Облыс әкімінің  2020 жылғы 17 қарашадағы №205 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу мақсатында «Тараз ӘКК» АҚ, ЖК «Империя» мен бірлескен қызмет туралы шарт жасасып, жаңа форматта 11 әлеуметтік дүкендер ашылды. Жыл соңына дейін жаңа форматтағы әлеуметтік дүкендердің санын 15 - ке жеткізу жоспарланып отыр. Осыған орай, қазіргі уақытта Б.Майлин көшесі бойында әлеуметтік дүкеннің құрылысы жүргізілуде. Аталған дүкеннің құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, әлеуметтік дүкен салуға Рысбек батыр көшесі №6 үйдің маңы, Абай даңғылы мен Көшеней көшесінің киылысы және Қарасай (Казпоселек), Хамукат алқаптарынан, Тараз қаласы әкімдігінің  жер қатынастары бөлімімен келісіліп тиісті жер телімдері анықталды. Бүгінгі күнге «Тараз» ӘКК» АҚ-на және ЖК «Империя» тарапынан Абай даңғылы мен Көшеней көшесінің киылысы және Хамукат алқабының басты жобасының құжаттары әзірленуде.

13

Қапал көшесінің 4-бұрылысындағы арықтарды тазалау жұмыстарын  жеке сектордағы үй иелеріне жүктеуді қарау

Тұрақты

Қала әкімінің бас инспекторы Ә.Қанаев(жинақтау),

Тараз қаласының полиция басқармасы

(келісімі бойынша)

Қапал көшесінің 4 бұрылысы жеке үйлерді учаскелік инспектормен бірге  аралап ескертулер берілді және де сол бойынша Қапал каналының жағасы тазаланды.

14

Көшеней көшесінің 4-бұрылысын түнгі жарықтандыру және көше жолын орташа жөндеуді зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

4 бұрылыс Көшеней көшесін орташа жөндеу жұмыстары 2022-2023 жылдарға жоспарланбаған.

 

Тараз қаласында 1330 көшелер мен бұрылыстар бар. Соның 798 көшесі негізгі көшелер мен әлеуметтік нысандар орналасқан  бұрылыстар. Бүгінгі таңда 293 көше мен бұрылыстар жарықтандырылған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қалған негізгі 505 көшені бірінші кезекте жарықтандыру бойынша тапсырма берілген. Аталған негізгі көшелерге көше жарығы орналастырылғаннан кейін бұрылыстар мен көп қаббатты тұрғын үйлердің аулаларына түнгі жарық шамдар орналастырылу жоспарланды.     Көшеней көшесінің 4-бұрылысына түнгі жарық шамдарын орналастыру жұмыстары 2024 жылға жоспарланып отыр.

15

Көшеней көшесі 6-бұрылысының жолын асфальттау мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Көшеней көшесі 6-бұрылысының жолын асфальттау жұмыстары Таразтрансэнерго МКК тарапынан жоспарлануда. Қала әкімдігі ТЖКШ бөлімі тарапынан Көшеней көшесі 6-бұрылысын жөндеу жұмыстары жоспарланбаған.

16

Төңкеріс көшесі №5, 6, 7, 8, 9 үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңын түнгі жарықтандыруды зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тараз қаласында 1330 көшелер мен бұрылыстар бар. Соның 798 көшесі негізгі көшелер мен әлеуметтік нысандар орналасқан  бұрылыстар . Бүгінгі таңда 293 көше мен бұрылыстар жарықтандырылған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қалған негізгі 505 көшені бірінші кезекте жарықтандыру бойынша тапсырма берілген. Аталған негізгі көшелерге көше жарығы орналастырылғаннан кейін бұрылыстар мен көп қаббатты тұрғын үйлердің аулаларына түнгі жарық шамдар орналастырылу жоспарланды.     «Төнкеріс» алқабы № 5 6 7 8 9 үйдің  балалар ауласына түнгі жарық шамдарын орналастыру жұмыстары 2025 жылға жоспарланып отыр

17

Төңкеріс көшесі №10, 11 үйлердің маңындағы құрылыс жұмыстарын аяқтау

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы (жинақтау), құрылыс бөлімдері

Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылдың 14 сәуіріндегі №311 қаулысы негізінде Мирхаким Алиевич Мирабитовке «Төнкеріс» алқабы, №10 «А» жайдағы дүкенді бұзып, орнына монша құрылысын салу және қосымша жер телімінің кесіндісі үшін, жалпы көлемі 0,0693 га, соның ішінде қосымша жер телімінің кесіндісі үшін, көлемі 0,0512 га уақытша өтеулі жалға жер пайдалану құқығы берілген. Аталған қаулының негізінде 2014 жылдың 29 қыркүйегінде М. А. Мирабитовке «Төнкеріс» алқабы №10 «А» жайдағы дүкенді бұзып, орнына монша құрылысын салуға №483 жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) берілген. Құрылысқа қажетті жоба даярланып (жобаның авторы ЖК «Хан Л.З. лицензияның №09 ГСЛ-Ф №000224), жоба сараптамадан өткен. Сараптаушы тұлғалар Ли К. (аттестаттының № АДС ИЖКХ №04212 және КДСЖКХ №05299) мен Тлепова Р.К. (ттестатының № АДС және ЖКХ №03192). М.А. Мирабитовтың баласымен сұқбаттасу барысында  иесінің қатты ауырып қалғаны, пандемия ауырының және құрылыс материалдарының бағасының көтерілуіне байланысты уақытша тоқтап тұрғанын хабарлады.

18

№31 орта мектептің ауласын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімінің бас инспекторы Ә.Қанаев(жинақтау),

Тараз қаласының білім бөлімі

(келісімі бойынша)

31 Мектеп әкімшілігімен бірге  мектептің ауласын абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді

19

Төле би даңғылы №8 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарын бастау және сапалы жүргізілуін қадағалау

2022 жылғы

29 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі (жинақтау),

«Тұрғын үй жөндеу - Тараз» ЖШС

2019 жылы «Тараз Аркон» ЖШС аккредиттелген ұйымы тарапынан үйге сейсмикалық сараптама жүргізілді. Төле би №8 үйдің негізгі конструкциялары қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды, көтергіш құрылымдарды күшейту бойынша ұсыныстар алынып жобалық сметалық құжаттамалар әзірленді. Жөндеу жұмыстарының сметалық құны 96 333 630 теңге. Байқау қорытындысы бойынша мердігер ұйым «Строители Века» ЖШС жеңімпаз атанды. Жөндеу жұмыстары 2022 жылдың 26 ​​шілдесінде басталады. Жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін арнайы техниқалық қадағалау маманы бекітілді.

20

Арбат-2 аумағындағы субұрқақты іске қосу

2022 жылғы

15 шілде

Қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдықшаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Арбат-2аумағындағы субұрқақты «Өмірзақ» ЖШС келісім шартқа сәйкес кепілдік негіздеме арқылы жұмыс жасайды.

 

Дата публикации
05 августа 2022