Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
2021 жылға ақпарат
Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі, әкім аппараты және 7 әкімдік бөлімдерімен мемлекеттік тізілімге сәйкес 58 мемлекеттік қызметтер түрі көрсетіледі.
2021 жылдың қорытындысы бойынша 88 123 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
оның ішінде:
- қағаз түрінде – 9 845, 11,1%-ды құрады;
- электронды түрде – 78 278, 88,9%-ды құрады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 6 420. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы және құжаттарды дұрыс толтырмауы.
Тараз қаласы әкімімен «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-шаралар саны 464. Қамтылған халық саны: 2 600 000.
Анықталған мерзім бұзу фактісі – 33, оның – 29 электрондық веб-портал арқылы, 4-і қағаз түрінде. Заң бұзушылыққа жол берген жауапты 3 мамандардың жауапкершіліктері қарастырылды.
Тараз қалалық қоғамдық кеңесімен 2021 жылға әзірленген жұмыс жоспарына сай, 5 әкімдік бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралып, тоқсан сайын ұсыныстар берілген.
Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №132-ө өкімімен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2021 жылға арналған жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес 6 әкімдік бөлімінде бақылау іс-шаралары жүргізіліп, ішкі бақылау нәтижесі бойынша жіберген кемшіліктері үшін 2 бөлімнің жауапты маманына тәртіптік жазалар қолданылды.
Тараз қалалық қоғамдық кеңесімен 2021 жылға әзірленген жұмыс жоспарына сай, 1 әкімдік бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралып, ұсыныстар берілді.
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен 2021 жылы БАҚ-на және әкімдіктің әлеуметтік желілеріне жарияланатын ақпараттар туралы кесте бекітіліп, ай сайын кестеге сай ақпараттар жарияланды.
Қала тұрғындарына электронды қызметтер қолжетімді болу үшін, Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінде «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған, жауапты мамандар бекітілген және электрондық қызметтерді толыққанды алуын қамтамасыз ету мақсатында, 2 «SMART орталығы» ұйымдастырылған, жұмыстар жүргізіліп келеді.
Қалада "Жамбыл - Adaldyq alańy" жобасын іске асыру аясында, "бір терезе" қағидаты бойынша 2 сервистік әкімдіктер "open space" форматында бір жерде халыққа қызметтерін ұсынып келеді.
Сол сияқты, қалада 2021 жылдың ақпан айында әлеуметтік мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды танымал ету, ашық, қолжетімді, әрі сапалы алу жолдарын түсіндіру мақсатында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша 2 тілде бейнеролик түсірілді, сонымен қатар «aleumet.egov.kz» әлеуметтік порталынан ЭЦҚ кілтімен әлеуметтік қызметтерді алу мүмкіндігі бойынша Паралимпиада ойындарының чемпионы, жүзу бойынша мастер спортшы Зульфия Габидуллинамен бейнеролик түсірілді.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің видеонұсқаулығы 2 тілде жасалынып, орталықта қызмет алушылардың назарына ұсынылып келеді. Әзірленген бейнематериалдар қала тұрғындарының назарына Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне және жеке әкімдік бөлімдердің әлеуметтік желілеріне орналастырылған.
2021 жылғы мамыр айында «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қағидалардың бизнес-процесстерінің сақталуы және «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру бойынша 2021 жылға арналған семинар-кеңестерді ұйымдастыру іс-шараларының жоспары» бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау бойынша Тараз қаласы әкімі аппараты басшысымен 2021 жылғы 05 наурызда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізу және 2021 жылғы 05 наурызда қоғамдық қабылдау жоспарлары бекітіліп, жоспарға сай Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі және 7 әкімдік бөлімдерінде қоғамдық қабылдау жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» парақшасында Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерінің нормативтік құқықтық актілері сілтемелерімен, тоқсан сайынғы қорытынды есеп және ақпараттар орналастырылған.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 8 айында 33 мерзім бұзу фактілері орын алған. Оның 29-ы «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтері бойынша Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының уақытында келісім бермеу себебінен мерзімдері бұзылды. 1-і Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде, 3-і Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде орын алған. Заң бұзушылыққа жол берген жауапты мамандардың жауапкершіліктері қарастырылды.
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімшесімен «Е-әкімдік», «Е-лицензиялау», www.gosreestr.kz ақпараттық жүйелері арқылы күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.