«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ

Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

1.  Мекеменің миссиясы

– халықтың өмір сүру денгейінің сапасын және әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясатты іске асыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің және әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту.

2.  Мекеменің міндеттері:

- жұмыспен қамту мәселесі жөнінде қызметін ұйымдастыру;

- аз қамтылғандар мен баласы бар отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету;

- жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;

- мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

14.  Мекеменің функциялары:

- жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

- мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

- жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

- мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

-  жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;

- жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпаратты жинақтайды;

- жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

-  халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;

- 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін және тұрғын үй көмегін тағайындауды және  төлеуді ұйымдастырады;

- өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтаны береді;

- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындайды;

- мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтейді;

- мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдейді;

- мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен,  санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етеді;

- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдейді;

- семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркейді, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлейді, куәлік береді;

- ақталған адамға куәлік береді;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдейді;

- үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдейді;

- басқа адамның күтімін қажет ететін жалғыз басты қарттармен еңбекке қабілетіз азаматтарды, қозғалысы шектеулі балаларды анықтау және есепке алу және оларға қажетті қызметтер көрсетеді;

- мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардан келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды, ұсыныстарды және басқа да өтінімдерді қарау, олар бойынша тиісті шаралар қолдану және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамалық, құқықтық және басқа актілерін қолдану тәртібін түсіндіреді;

- халықтың тұрмысы төмен бөлігіне демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорлармен, заңды және жеке тұлғалармен бірлесе әрекет жасайды және оны үйлестіреді;

- азаматтарды қабылдауды және оларға халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес беруді жүзеге асырады;

- жұмыстың  сапасы  мен  өнімділігін  арттыру, мекемедегі басқару жүйесінің қызметін бағалау мақсатында мекеме қызметтерінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

- Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына ықпал көрсетеді, және белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды Орталыққа  жолдайды.

 

 

 

Аты-жөні,тегі

 

Лауазымы

Ералиев Газиз Нурланович

 

Бөлім басшысы

Мақсат Рахымбекұлы

Сектор меңгерушісі

 

Дата публикации
08 августа 2022