Мекеме қала бюджетінің атқарылуы, қалалық коммуналдық мүлікті басқару, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында өз қызметінің шектеуінде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.«Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің ведомстволары жоқ.
3.«Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мекеме жедел басқару құқығында құрылған және мемлекеттік меншік құқығының субъектісі ретінде меншік иесінің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының юрисдикциясында болады, Құрылтайшысы және уәкілетті органы Тараз қаласының әкімдігі болып табылады.
Мекеме мемлекеттік мекеменің заттық құқығы болып табылатын, мемлекеттік мүлікке жедел басқару құқығында ие, болып меншік иесінен алынған мүлікке деген иелік ету, қолдану және басқару құқықтарын меншік иесінің тапсырмаларына, мүліктің пайдаланылуына, өз әрекеттерінің мақсаттарына сәйкес заңнамамен белгіленген шектерде жүзеге асырады.
4.«Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазыншылық органдарында шоттары болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болады және міндеттемелер қабылдайды. Сотта талапкер және жауапкер болады. Мекеме әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен мезгілден бастап құрылды деп есептеледі.
мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.«Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарын қабылдайды.
8.«Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қарахан көшесі, №2.
10.Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Отдел
финансов акимата города Тараза».
11.Осы Ереже «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекеме құрылтай құжаты болып табылады.
12.«Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
мекемесінің миссиясы:
Қала бюджетінің атқарылуы, қалалық коммуналдық мүлікті басқару, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Қалалық коммуналдық меншікті нәтижелі басқару және тікелей аяқталған нәтижеге жетуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету.
Қала әкімдігінің жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету.
1) қалалық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
2) қалалық коммуналдық меншіктің тиімді пайдаланылуын бақылау және мүліктің есепке алынуын ұйымдастыру;
3) акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдау;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғысын бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
5) қалалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;
6) қалалық коммуналдық кәсіпорындардың таза кірістерінің акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің және қалалық коммуналдық меншікте мемлекеттің қатысу үлестері бар заңды тұлғалардың қатысу үлестеріне кірістердің дұрыстығын бақылау;
7) қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;
8) қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау;
9) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
10) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қалалық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
11) Тараз қаласы бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнен қаржылық есептiлiктi қабылдау және талдау жасау;
12) Тараз қаласы бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнен шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жинақтау және ұсыну;
13) Тараз қаласы бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнен бюджеттік есептiлiктi қабылдау және талдау жасау;
14) Тараз қаласы бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнен бюджеттік есептiлiктi жинақтау және ұсыну;
15) қалалық бюджеттің түсімдер бойынша кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізу;
16) қалалық бюджеттің орындалуы туралы есепті ұсыну;
17) қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
18) қалалық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және оған өзгерістер енгізу;
19) бюджеттік мониторингті іске асыру;
20) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жоспарының құрылу және бекітілу дұрыстығына бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
21) бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады;
22) жергілікті атқарушы органының резерві есебінен қаржы бөлу туралы өтініштерді қарастыру;
23) бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары;
24) бухгалтерлік және бюджеттік есептілік жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
25) КММ-нің аппаратының бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептерін жүргізу және жасау;
26) құжаттамалардың (мұрағат) сақталуын қамтамасыз ету;
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
2) коммуналдық меншікте тұрған акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік үлеске және коммуналдық басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ, заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген жағдайларда билік етуге;
3) мекеменің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
4) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;
5) қалалық бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамалары талаптарының бұзылуы себептеріне баға беруге, сондай-ақ, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тиімділігі мен орындылығына баға беруге;
6) өз құзыретінің шегінде ведомоствалық бағынысты заңды тұлғалар орындауға міндетті нормативтік-құқықтық актілер шығаруға;
7) мекеменің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.
3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
мекемесі басшылықты «Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
мекемесі бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Мекемеге мемлекеттік тапсырысты жеткізеді, оның орындалуын қадағалайды, келісімдер жасауға рұқсат береді.
Заңнамамен орнатылған тәртіпте келесі функцияларды орындайды:
«Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
заңнамаға сәйкес белгілейді.
Басшының орынбасары өзіне берілген құзыр шеңберінде мекеме атынан іс қимыл жүргізеді, мекеменің мемлекеттік органдармен және басқа мекемелер алдындағы өкілі болады, шаруашылық операцияларын жүргізеді, сенім хаттар беру мүмкін.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлік болу мүмкін.
«Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
есептеседі, Мекеменің үшінші жақтарға, Мекеменің жұмысшыларына тиісті қарыздарын өтеуге шаралар қолданады, тарату балансын дайындайды.
Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне мекеменің таратылуы туралы жазу енгізілген мезеттен бастап Мекеме өз қызметін тоқтатты, ал тарату аяқталды деп саналады.