«Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ

           «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (БСН 110940000768) әрі қарай «Мекеме», Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1033 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» №410 жарлығын орындау үшін тіркелген. Мекеме қала аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

           «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы №159 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

            Мекеме міндеттері: қала әкімдігінің жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз ету.

            Мекеме функциялары:

1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын,заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніңдегі қызметті үйлестіру;

2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынышты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;

3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиісті мәслихаттарға бекітуге ұсыну;

 4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзгеде ғимараттармен тұрғын үй азаматтық мақсаттағы құрылыстарды инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерінің сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөніңде ұсыныстар енгізу;

5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

7) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;

8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзгеде қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер дайындау;

9) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту техникамен, қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндей)туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) концервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер дайындау;

10) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

11) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардын нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

12) салынып жатқан (салынуы белгіленген)объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет,қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

13) Сәулет,қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету;

14) Бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жүргізу;

15) Статистикалық есеп беруді жүргізу;

16) Мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

17) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

18) Іс қағаздарын жүргізу;

19) Бөлімнің техникалық қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасының  Еңбек   Кодексінің  талаптарына  сәйкес   қызмет  берушінің 

міндетін атқару;

20) Сәулеттік жобалар, мүсіндік композициялар мен сәулеттік пішіндердің эскиздік жобаларына конкурстар ұйымдастырып,өткізу;

21) Сәулет-қала құрылысы кеңесін ұйымдастыру және өткізу;

 

          Бөлім басшысы - Бобеев Алмасбек Галымжанович 1982 жылы 3 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі-жоғары.

         2004 жылы  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Сәулет" мамандығы бойынша бітірген.

         Ең алғаш еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қаласында "Шымкент-Сәулет" ЖШС-де инженер болып бастаған.

         2007-2008 жылдары Шымкент  қаласында "Оңтүстік Бас Жоспары" ЖШС-де жобалау бөлімінің басшысы;

         2008-2013 жылдары Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің инструкторы, бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы болып қызмет атқарған;

         2015-2016 жылдар аралығында  Шымкент қаласы "Оңтүстік" индустриалды аймақты басқару компаниясының меңгерушісі;

         2016-2019 жылдар аралығында Түркістан облысының "Сәулеттік бюро" МКМ-нің директоры  орынбасары, директоры;

         2019 жылғы 25 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.

           Отбасылық жағдайы: үйленген, балалары бар.

          Мекеме 2 (екі) сектордан тұрады: Бас жоспар және қала құрылысы кадастры секторы – сектор меңгерушісі Раманкулова Дина Аятовна және Жоспарлау және қала аумағын соғу секторы – сектор меңгерушісі Сапарбеков Нурболат Суйнбекович. Орынбасар штаттық кесте бойынша қарастырылмаған.

Дата публикации
05 августа 2022