Тараз қаласы әкімінің №2 аумақтық округінің тұрғындарымен өткізген көшпелі қоғамдық қабылдауында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы

1

2

3

4

5

1

Қ.Сәтбаев көшесі №18 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын жергілікті жерге шығып тексеріп, шара қолдану

2022 жылғы

25 мамыр

Қала әкімінің орынбасары

Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары  бөлімі

 «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС

Тұрғын үй қатынастары бөлімінің және «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС-нің мамандары тексеру жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру туралы «Нұрсыйла Құрылыс» ЖШС-не ескерту жасалынды.

2

Қыдыралиева Шарияға  материалдық көмек көрсету мәселесін қарастыру

2022 жылғы

7 маусым

Қала әкімінің орынбасары Б.Сариев

Қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мемлекет тарапынан көп балалы жанұяға арналған  жәрдемақы  73660 теңге  ай сайын төленіп отыр.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2022  жылдың 1 тоқсанына  132432 теңге, 2 тоқсанына- 176442 теңге тағайындалып төленуде. Сонымен  қатар, 2019, 2022 жылы туылған балаларына ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен және тоқсанына бір рет гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.

3

«Қайнар» алқабы Баянауыл көшесінің қиылысы «Бақан» дүкені маңынан балар ойын алаңы мен стрит-воркаут орнату мәселесін зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

20 маусым

Қала әкімінің орынбасары

Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

Ағымдағы жылы 68 ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарланған болатын. Алайда бюджет тапшылығына байланысты аулалар тізімі қысқартылды.  Осыған байланысты «Қайнар» тұрғын алқабына балалар ойын алаңы мен стрит воркаут орнату жұмыстарына қаражат қарастырылмаған.

4

Сүлейменов көшесі 2-бұрылысына жол, жарық, кәріз жүйесін салу мәселесін зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

20 маусым

Қала әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаев

 Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Сүлейменова көшесінің 2 - бұрылысына түнгі жарық шамдарын орналастыру жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.

5

15 шағын ауданы жанындағы 4 көшеге жарық орнату. Мердігер тарапынан көшелерге қойылған түнгі жарық бағаналарын тексеріп, шара қолдану

2022 жылғы

20 мамыр

Қала әкімінің орынбасары

Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

15-шағынауданында жеке үйлерді электр жүйесімен қамтамассыз жұмыстарын «Пырақ-Құрылыс» ЖШС-і жүргізді. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, электр тасымалдайтын мекемеге тиісті құжаттарды тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Электр энергиясын тасымалдайтын мекеме тиісті құжаттарды қабылдаған соң, жаңа желілерге энергия қуаты беріледі.

6

Бурыл 1, 2, 3 алқаптарының көше жолдарын асфальттау мәселесін қарастыру

2022 жылғы

20 мамыр

Қала әкімінің орынбасары

Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің құрылыс бөлімі

«Тараз қаласындағы "Бурыл А,Б,В" тұрғын алқабына асфальт жол төсеу құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттар толық әзірленді (жобалаушы «Құрылыс инвест жоба» ЖШС). Сараптама қорытындысын алу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, аталған жобаның құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөлуге өтінім беріледі.

7

№26 мектепке 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа балаларды қабылдамау мәселесін облыс әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп зерделеп, нәтижесі бойынша тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы

25 мамыр

Қала әкімінің орынбасары

Б.Сариев

Қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова

 (келісімі бойынша)

Тараз қаласындағы №26 Абай атындағы орта мектебі облыс әкімінің 21.04.2021 жылғы №91 қаулысымен 2020-2021 оқу жылынан бастап «Абай атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат» болып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарайды.

Мамандандырылған білім беру ұйымына тек 6-7 сыныптатан бастап оқуға қабылданып, конкурстық негізде жүргізіледі.

8

 А.Асқаров көшесі №217 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу, оған төлемнің қымбаттауы туралы жергілікті жерге барып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы

25 мамыр

Қала әкімінің орынбасары

Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары  бөлімі

 «Тұрғын үй жөндеу – Тараз» ЖШС

Ағымдағы жылдың 30 мамырында "Тұрғын үй жөндеу Тараз" ЖШС өкілдерінің қатысуымен үй тұрғындарымен жалпы жиналыс өткізіліп, қойылған барлық сұрақтарға түсініктеме берілді.

 

9

Қ.Сәтбаев көшесі, №13 - 17 үйлердің арасына балалар ойын алаңын салуды зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

20 маусым

Қала әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

Ағымдағы жылы Қ.Сатпаев көшесі, №13 үй мен №17 үйдің арасына балалар ойын алаңын салу жұмыстарына қаржы қарастырылмаған. 

10

Қ.Сәтбаев көшесі, №11, 26 көпқабатты тұрғын үйлердің маңына күл-қоқыс контейнерлерін қою, ауыстыру мәселелерін шешу

2022 жылғы

20 маусым

Қала әкімінің орынбасары

Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 «Жасыл Ел - Тараз» ЖШС

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан 1200 дана жәшіктерді алуға бюджеттік өтінім берілді. Қаржы қарастырылған жағдайда аталған үйдің маңындағы қоқыс жәшіктері ауыстырылатын болады.

11

«Сұлтанғазы» ЖШС тарапынан күл-қоқысты мерзімінде шығарылуын қамтамасыз етіп, бақылауға алу

Тұрақты, аралық мәлімет тоқсанына бір рет

Қала әкімінің орынбасары

Н.Қалдыбаев

Қала әкімінің бас инспекторы Е.Бұралхиев

Тұрмыстық қатты қалдықтарды мерзімінде шығаруға қатысты  «Сұлтанғазы» ЖШС басшылығына ескерту жасалынып, аталған мәселе бақылауға алынды.

12

Қ.Сәтбаев көшесінің жол мәселесін зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

20 маусым

Қала әкімінің орынбасары

Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қ.Сатпаев көшесі №26 үй маңына асфальт салу жұмыстары 2022-2023 жылдарға жоспарланбаған.

13

Сеңкібай көшесіне су құбырын жүргізген соң жолды мердігер тарапынан қалпына келтіруді қамтамасыз ету

2022 жылғы

20 маусым

Қала әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Аталған көшенің жолын қалпына келтіру үшін ТЖКШ бөлімі тарапынан «Жамбыл су» МКК-не тиісті шара қабылдау туралы хат жолданды.

14

Қала аумағында электр бағаналарын стандартқа сәйкес ауыстыру мәселесін зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

1 шілдеге дейін

Қала әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қала аумағында электр бағаналары қаражат көлеміне қарай кезең-кезеңімен ауыстырылады.

15

Байболов Бейбіттің балық шаруашылығы кәсібін кеңейтуге заң аясында қолдау көрсету

2022 жылғы

20 маусым

Қала әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

Мемлекеттік қолдау мақсатында "Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қайтарымсыз және пайызсыз гранттар (2млн.тг.-5млн.тг.) дейін беріледі. Ол бағдарламаға қатысу үшін біріншіден кәсіпкерлік куәлігі болу керек, екіншіден кәсіпкердің біздің облысымызда жоқ инновациялық идеясы, яғни бизнес-жобасы болуы қажет. Кәсіпкер грантты ұтып алу үшін жылына бір немесе екі рет өтетін байқауға қатыса алады. Грантты байқау комиссиясы қарап шешім шығарады.

Шаруашылығының жер телімін ұлғайту бойынша Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне жолығу ұсынылды.    

16

Қойбақов көшесі, №6 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңын соғу мәселесін зерделеп, ұсыныс беру

2022 жылғы

20 маусым

Қала әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаев

Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Ағымдағы жылы 68 ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарланған болатын. Алайда бюджет тапшылығына байланысты аулалар тізімі қысқартылды.  Осыған байланысты Қойбақов көшесі №6 үй ауласына балалар ойын алаңын орнату жұмыстарына қаражат қарастырылмаған.

Дата публикации
27 июля 2022