|
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу барысы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
2022 жылғы жобалар қатарына қосып, Рысбек батыр көшесіне тротуар салу (Сүлейменов көшесі мен Төле би даңғылы аралығы) |
2022 жылғы 28 қазан |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
|
|
2 |
Еңбек ері батырларына мемориалды тақтайша орнату және көше атауын беру бойынша ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Б.Сариев Қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
Республика бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау мәселесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімі бойынша жүргізіледі. «Петр Гончаров» есімі жоғарыда аталған тізімде жоқ. Осыған орай, Петр Гончаров есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізуге ұсыныс ретінде облыстық тілдерді дамыту басқармасына жолданды. |
|
3 |
«Кислород СОС» волонтерлеріне қала орталығынан ғимарат беру мәселесін қарастырып, ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Б.Сариев Қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі |
«Кислород СОС» волонтерлеріне қала орталығынан бос ғимарат орындары болмағандықтан өтінішті қанағаттандырудың мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеймін |
|
4 |
Төле би даңғылы №83-85 мекен-жайындағы сауда үйінің алдынан автотұрақ салуға рұқсат беру мәселесін заң талаптарына сәйкес қарастыру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Қала әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі |
2022 жылғы 22 сәуірдегі Тараз қаласы бойынша жер учаскесіне құқық беру № 14 комиссия отырысында ҚР ЖК 109-бабының 2-тармағына сәйкес ортақ пайдаланудағы жер телімі болуына байланысты рұқсат берілмеген |
|
5 |
Төле би даңғылы№94, 95, 96 көпқабатты тұрғын үй алдынан балалар ойын алаңын соғу бойынша аула жөндеу тізіміне қосып, жұмыстар жүргізу |
2022 жылғы 1 қыркүйек |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
|
|
6 |
№20 және №37 қоғамдық көліктерді жүргізуді зерделеп, маршрутты қосу |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Қалалық №20, автобус бағыты өз шығындарын ақтамауына байланысты, тасымалдаушы мекеме басшысы қоғамдық көліктің қызметін тоқтатқан болатын. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес, қалалық №20 автобус бағыты бойынша қызмет көрсету құқығына конкурсқа шығарылды. Алайда аталған бағытқа қызмет көрсету үшін, тасымалдаушылардан ұсыныс түспеді. Алдағы уақытта аталған бағытқа қызмет көрсету құқығына тасымалдаушы мекеме тіркелген жағдайда, қызмет көрсетілетін болады. Бүгінгі таңда №37 автобус бағытының орнына №19 автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгерту енгізіліп, Айша бибі көшесінен әрі қарай жаңа көпір арқылы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабына, Ишин, Тынышбаев көшелеріне ұзартылды. |
|
7 |
Сарыарқа көшесіне асфальт төсеп, тротуар салу мәселесі зерделеніп, ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Сарыарқа көшесіне орташа жөндеу жұмыстары 2022-2023 жылдарға жоспарланбаған. |
|
8 |
Хмельницкий көшесінен балабақша ашу мәселесі зерделеніп, шешу жолдары бойынша ұсыныс беру |
2022 жылғы 1 қыркүйек |
Қала әкімінің орынбасары Б.Сариев Қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова (келісімі бойынша) |
|
|
9 |
«Төрткүл» алқабы бойында жүк көліктерінің жүруіне байланысты тыйым салу белгілерін орнату туралы |
2022 жылғы 29 сәуір |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы А.Заурбеков (келісімі бойынша) Қала әкімінің бас инспекторы С.Үсіпбеков |
Аталған жерге жол белгісін орнатуға Полиция басқармасы тарапынан нұсқама берілді. Аталған нұсқама жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мердігер анықталған жағдайда орындалу үшін жолданатын болады. |
|
10 |
Рысбек батыр көшесі №9 көпқабатты тұрғын үйдің 2019 жылдан бері жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын аяқтау шараларын қарастыру |
2022 жылғы 1 шілде |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі «Тұрғын үй жөндеу – Тараз» ЖШС |
Рысбек батыр көшесі №9 үй «Байланыс» КСК құрамына кіреді (төрайымы – Кинжиханова Р.). Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде тұрғын үй қатынастары бөлімінің өкілдері «Мобайл-Телеком-Сервис» ЖШС өкілінің қатысуымен жер-жерде үйдің мүлкімен кездесу өткізіп, үйдің шатырын визуалды тексеруден өткізді. Бірлескен тексеру барысында релелік антенна өзінің орналасқан жері бойынша шатырдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіретіні анықталды. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жазбаша сауалнамасына сәйкес антеннаны бөлшектеу туралы шешім қабылданды. |
|
11 |
Рысбек батыр көшесі №1 үй ауласына 2022 жылғы тізімге енгізіп, балалар ойын алаңын немесе спорт алаңын салу |
2022 жылғы 1 қыркүйек |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қала әкімінің бас инспекторы С.Үсіпбеков
|
|
|
12 |
Жалайыри және Бөлтірік шешен көшелерінің аралығына жол кедергісін орнату мәселесі зерделеніп, ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы А.Заурбеков (келісімі бойынша) |
Аталған жерге жол кедергісін орнатуға Полиция басқармасы тарапынан нұсқама берілді. Аталған нұсқама жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мердігер анықталған жағдайда орындалу үшін жолданатын болады. |
|
13 |
«Халық қаһарманы» М.Аймановқа арнап мектеп атауы мен көше атауын беру мәселесін қарастырып, ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Б.Сариев Қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова (келісімі бойынша) |
Республика бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау мәселесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімі бойынша жүргізіледі. «Мейіржан Айманов» есімі жоғарыда аталған тізімде жоқ. Осыған орай, Мейіржан Айманов есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізуге ұсыныс ретінде облыстық тілдерді дамыту басқармасына жолданды. |
|
14 |
Рысбек батыр көшесі №6 үйдің жертөлесіндегі құбырды ауыстыру |
2022 жылғы 1 шілде |
Қала әкімінің орынбасарлары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Жамбыл-Су» МКК |
Рысбек батыр №6 үйдің жертөлесіндегі құбыры «Жамбыл су» МКК теңгерімінде болмағандықтан үй иелері өз тараптарынан ауыстыруы қажет. Мекеме теңгеріміндегі су және кәріз құбырларын жөндеу және ауыстыру жұмыстарын ДКРЕМ бекіткен тарифтік сметаға сәйкес жүргізеді. |
|
15 |
«Төрткүл» алқабындағы көшелерге жаяу жүргінші жолын салу мәселесін жергілікті жерге шығумен зерделеп, ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Көшелерге жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары 2022-2023 жылдарға жоспарланбаған. |
|
16 |
Көшелердегі арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізу |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Бүгінде қала аумағындағы ирригация жүйелерін ретке келтіру үшін ЖСҚ әзірленуде. Аталған жобаның іске асуы алдағы 3 жылға жоспарланған. |
|
17 |
Семенова Нина Мустафаевнаға Рысбек батыр көшесі №6 үй, 35 пәтерін өз атына заңдастыруға көмек көрсету |
2022 жылғы 1 маусым |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі |
2001 жылы Тараз қаласы, Сауранбаев көшесі, №33 үйде өрт болып, оның салдарынан тұрғын үйдің шатыры, мүлкі, жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғын үйдің құжаттары жанып кетті. Сондай-ақ, Н.М.Семенованың сөзінен 2006 жылы Жамбыл облысы ТЖД өртке қарсы қызмет басқармасы берген анықтама негізінде «Тұрғын үй» МКҚК Тараз қ., Рысбек батыр көшесі, №6 үй, пәтер. № 35 жатақханадан бөлме бергені белгілі болды. Жеке басын куәландыратын құжаттары қалпына келтірмегендіктен, сол уақытта Н.М.Семеновамен уәкілетті органмен еңбек шарты жасалмаған. |
|
18 |
Адамбаев көшесіндегі мемлекет мұқтажына байланысты бұзылуға жататын үйлер бойынша заң аясында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
2022 жылғы 6 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі
|
Тараз қаласының әкімдігі Байзақ батыр мен Адамбаев көшелерінің қиылысынан Қылышбай ақын көшесіне дейін орналасқан 123 жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүлікке қатысты 2021 жылғы 1 наурызында Тараз қаласы әкімдігімен "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" №823 қаулы қабылдады. Бүгінгі күнге мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жататын 109 нысан бойынша жылжымайтын мүлікті бағалау жұмыстары аяқталды. Жер учаскелерін және жылжымайтын мүліктерді бағалауды тәуелсіз бағалаушы "Бағалау және саралау" ЖШС жүргізді, онда Алып қойылатын жер учаскелерінің және ауданы 6,10 га жылжымайтын мүліктердің жалпы сомасы 3,2 млрд.теңгені құрады (1 объектінің орташа бағасы 16 млн. теңгеден 25 млн. теңгеге дейін құрайды). Бөлім тарапынан облыстық әкімдікке және қалалық экономика бөліміне бюджеттік өтінімдер берілген. Алайда, қаражат қарастырылмады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтарылмай тұр. |
|
19 |
Абай даңғылы 159«А» көпқабатты тұрғын үйге ыстық су қысымының жеткіліксіздігіне байланысты бойлер орнату мәселесі зерделеніп, ұсыныс беру |
2022 жылғы 6 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Абай даңғылы 159 «А» көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіне бойлер орнатуға қаражат қарастырылмаған |
|
20 |
Христиан халқының ескі зираты аумағындағы мемориалды қайта жөндеу мәселесін зерделеп, ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Ағымдағы жылы христиан халқының ескі зираты аумағындағы мемориалды қайта жөндеу жұмыстары үшін бюджет есебінен қаржы қарастырылмаған. |
|
21 |
К.Э.Циолковский атындағы мектептің (№7 гимназия) атауындағы жіберілген кемшілікті түзету жұмыстарын қарастыру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Б.Сариев Қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова (келісімі бойынша) |
Бұл мәселе бойынша 2018 жылы «Время» газетінің «Верните Циолковского» мақаласы бойынша №139 (2665) санында жарияланған. Осы орайда, білім бөлімі тарапынан №7 мектеп-гимназияның К.Э.Циолковский есімін қайтаруға қатысты Жамбыл облысының мемлекеттік архиві, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы зерделеу жұмысын жүргізді. Көрсетілген мекемелерден алынған ақпараттарға сәйкес №7 мектеп-гимназиясына «К.Циолковский» есімінің берілгені және алынғаны туралы ешқандай қаулы табылмады. Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінен алынған көшірмелер бойынша Завод аудандық атқару комитетінің 16.09.1977 жылғы «1977-1978 оқу жылына білім беру ұйымдарының желісін бекіту туралы» шешімінде №7 орта мектебі «№7 Циолковский атындағы орта мектеп» болып көрсетілген. Білім мекемесі осы есіммен 2005 жылға дейін аталып келген. Тараз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 ақпан күнгі №26 қаулысымен «№7 К.Э.Циолковский атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Тараз қаласы әкімдігінің білім және спорт бөлімінің №7 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілген. 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін №7 мектеп-гимназиясы болып аталуда. |
|
22 |
Құжаты жоқ азаматтарды құжаттандыру мәселесін шешу (қызылпаспорт бойынша) |
Тұрақты, аралық мәлімет тоқсан сайын |
Қала әкімінің орынбасары Б.Сариев Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы А.Заурбеков (келісімі бойынша) |
|
|
23 |
Онищенко Надежда Николаевнаның тұрғын алу кезегін қайта қалпына келтіру мәселесін шешу |
2022 жылғы 1 шілде |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі Қала әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі |
Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 6 мамырдағы Заңына (Заң 16.05.2019 ж. қолданысқа енгізілді) өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, жоғарыда аталған Заңның 67,74-баптары, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер. немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер осы елдi мекенде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының (тұрғылықты жерiне қарамастан) пайдалануына берiледi. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Тараз қаласында тұрақты тұруға ықтиярхатыңыз болса және соңғы бес жыл ішінде баспанаға тіркелмеген болсаңыз, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тұру үшін Kezekte.kz сайтына қажетті құжаттарды тапсыруыңызға болады. |
|
24 |
Машарипова Эльмира Уразбаевнаға тұрмыс жағдайына байланысты демеушілер есебінен көмек көрсетуді қарастыру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі |
Тараз қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі материалдық көмек көрсету туралы қала кәсіпкерлеріне ұсыныс жасалынды. Алайда қала кәсіпкерлері аталған ұсынысты қолдамады. Ал, бөлім тарапынан материалдық көмек көрсетуге қаражат қарастырылмаған. |
|
25 |
Қапал көшесі 4-бұрылысы №2 «В» үй ауласына спорт алаңшасын орнату мәселесін шешу |
2022 жылғы 1 қыркүйек |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қала әкімінің бас инспекторы Ә.Қанаев |
|
|
26 |
Ұлбике ақын мен Сүлейменов көшесінің қиылысына бағдаршам орнату мәселесін зерделеп, ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық-шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы А.Заурбеков (келісімі бойынша) |
Аталған жерге бағдаршам орнатуға бюджеттен қаржы қарастырылмаған. |
|
27 |
Ұлбике ақын мен Сүлейменов көшелерінің қиылысына №11 қоғамдық көлік маршрутына аялдама орнату мәселесін зерделеп, ұсыныс беру |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров Қала әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы А.Заурбеков (келісімі бойынша) |
Ағымдағы жылы қала аумағына аялдама орнату жұмыстары үшін бюджет есебінен қаржы қарастырылмаған. |
|
28 |
№37 орта мектептің асханасының сыртқа орналасқандығы туралы мәселені зерделеп, шара қолдану |
2022 жылғы 20 мамыр |
Қала әкімінің орынбасары Б.Сариев Қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова (келісімі бойынша |
№37 Ы.Сүлейменов атындағы орта мектеп пайдалануға 1978 жылы берілген. Мектеп 2 қабаттан тұрады. Жобалық сыйымдылығы 450 орын. Асхананы мектеп ішіне орналастыру мүмкіншілігі жоқ. Асханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарына жүргізуге 2020 жылы - 9008,0 мың теңге қаражатқа сметалық құжат дайындалған. |