Талдамалық анықтама
Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінде 2022 жылдың ІІ тоқсанында негізді түрде қағидаға сәйкес болмауына байланысты 2434 азаматқа мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған 953 қызметтің:
- 1281-і Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- Әлеуметтік төлемдерден – 421 өтінішке, оның ішінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі» бойынша 110 отбасына отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен асуына байланысты, толық және анық емес мәліметтер ұсынғаны үшін жәрдемақы тағайындаудан, «Тұрғын үй көмегі» бойынша 311 отбасына отбасының жиынтық табысы күнкөріс деңгейінен асуына жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды;
- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 8 өтінішке, оның ішінде веб-портал арқылы 5 өтінішке (4 -оқу орнының анықтамасы қағидаға сай емес, 3 - ПМПК қорытындысында мүгедек баланы үйде оқыту туралы ұсыныс дұрыс жазылмаған, 1 - қайталанған өтініш,), ХҚКО-ғы арқылы қабылданған 8 өтінішке (8 - құжаттары толық емес болған себептермен) өтініштерге бас тартылды;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру қызметінде - 40 өтінішке (39 - құжат толық емес, 1 – басқа қалада тіркелген) бас тартылды;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу қызметінде - 1 өтінішке (1- құжат арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы көрсеткіштері бар болуына байланысты) бас тартылды;
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы - 8 өтінішке пайдалану мерзімі өтпеуіне байланысты бас тартылған;
- Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы - 1 өтінішке (қайта тапсырылуына байланысты) бас тартылған;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу- 7 өтінішке (мүгедекті қарағаны үшін жәрдемақы алуына байланысты) бас тартылған;
- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы - 27 өтінішке (пайдалану мерзімі өтпеуіне байланысты) бас тартылған;
- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы - 28 өтінішке пайдалану мерзімі өтпеуіне байланысты бас тартылған;
- Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы - 28 өтінішке (пайдалану мерзімі өтпеген, 1-еңбек жарақаты) байланысты бас тартылған.
967-і Тұрғын үй қатынастары бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- 327 өтінішке «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бас тартылған, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет қағидасы және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67 және 68 бабтарына сай өтініштерінде көрсеткен санатқа жатпайтындықтарынан 354 өтініш иелеріне қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды;
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет қағидасы және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 72 бабына сай аттарында жылжымайтын мүлік (үй) тіркелгендіктен 196 өтініш иелеріне қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды;
- Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Занының аясында азамат тұрғын үй алу кезек тізімінде тіркелгендіктен қайта тіркеу мүмкіндігімен бас тартылған 88 өтінім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы негізінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешендіруге 2 өтініш иесіне қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды.
7-і Сәулет және қала құрылысы бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша 5 өтінішке Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес келмеуіне байланысты өтініш иесіне бас тартылды;
- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша 2 өтінішке, оның ішінде 1 өтінішке құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығының Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 4-қосымшасындағы 9- тармақ, 2-тармақшасы: өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидалардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, 1 өтінішке құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығының Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 4- қосымшасы, 9-тармақ, 5 тармақшасы - Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулерді) бұзуына сәйкес,
2-і Тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- «Ағаш кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 1 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының 1-қосымшасының 9-тармағының 2-тармақшасына сәйкес құжаттарының толық еместігіне байланысты бас тартылды;
-"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызметі бойынша 1 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымшасының 9 тармағының 2 тармақшасына сәйкес бас тартылды.
49-ы Тараз қаласы әкімі аппаратымен бас тартылған, оның ішінде:
- «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметі бойынша 41 өтінішке (5 өтінішке медициналық зерттеу толығымен Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан өтпеуіне байланысты , 8 - өтінішке ҚР 16.02.2012 жылғы №561 ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 31 бабына сәйкес әскери қызметке 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылатыны, аталған тұлғаның 18 жасқа толғаннан кейін ғана өтініш бере алатынына байланысты, 7 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жауабына сәйкес, Азаматтарға білімін алуын жалғастыру үшін әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы шешім Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу Қағидасының 3-қосымшасына сәйкес білім беру ұйымдарында әскерге шақырылушыға берілетін анықтаманы берілген өтінімге тіркелмегендіктен, 18 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының хаттарына сәйкес әскери есепте тіркелмегендіктен), 3 – өтінішке қанағаттанудан бас тартылды.
- «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметі бойынша 8 өтінішке (4 өтінішке мемлекеттік қызметті дүрыс таңдамағаны себебінен, 4 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жауабына сәйкес, дәйексіз құжаттарды ұсынған себептен) бас тартылды.
Қанағаттанудан бас тартылды, себебі әскерге шақыруды кейінге қалдыру шешімі а.ж. 18 сәуірде берілген (2-ші рет өтініш берген).
2-і Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
Атқарылған іс-шаралар:
2022 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысандағы ақпаратпен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімдермен 466 іс-шара ұйымдастырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІ тоқсанында 1 әкім аппаратында 2022 жылдың 03-18 ақпан аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілген.