Талдамалық анықтама
Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінде 2022 жылдың І тоқсанында негізді түрде қағидаға сәйкес болмауына байланысты 953 азаматқа мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған 953 қызметтің:
- 590-ы Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- Әлеуметтік төлемдерден – 468 өтінішке, оның ішінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі» бойынша 275 отбасына отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен асуына байланысты, толық және анық емес мәліметтер ұсынғаны үшін жәрдемақы тағайындаудан, «Тұрғын үй көмегі» бойынша 193 отбасына отбасының жиынтық табысы күнкөріс деңгейінен асуына жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды;
- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 61 өтінішке, оның ішінде веб-портал арқылы 53 өтінішке (2 - басқа адамның құжаты жүктелген, 2 - басқа қалада тіркелген, 10 - қайталанған өтініш, 14 - құжаттары толық емес, 11 -оқу орнының анықтамасы стандартқа сай емес, 11 – құжаттың мерзімі өткен, 1 - ПМПК қорытындысында мүгедек баланы үйде оқыту туралы ұсыныс дұрыс жазылмаған, 2 - қайта тапсырылған), ХҚКО-ғы арқылы қабылданған 8 өтінішке (8 - құжаттары толық емес болған себептермен) өтініштерге бас тартылды;
- Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметінде - 10 өтінішке (1 басқа қалада тіркелген, 5 қайталанған өтініш, 2- құжаттары толық есмес, 1 кезегі келмеген, 1 – МЖОб-ның мерзімі өткендіктен) бас тартылды;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша 29 өтінішке (23 - табысының асуына байланысты, 4 - басқа қалада тіркелген, 2- құжаттары толық есмес) бас тартылды.
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру қызметінде - 9 өтінішке (7 - құжат толық емес, 2- біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны алып қойғандықтан) бас тартылды;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу қызметінде - 3 өтінішке (3-қарсы көрсеткіштер бар болуына байланысты) бас тартылды;
- 1-і Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- «2 және 3 разрядтар, 1, 2 және 3 жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегi 2 санатты жаттықтырушысы, біліктілігі жоғары деңгейдегi 2 санатты нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі 2 санаттағы әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша:
Б.Т.Алдабергеновтың 2022 жылдың 2 ақпандағы өтінішіндегі «спорт шеберлігіне үміткер» санатын Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген және осы бұйрыққа Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020ж. №104 бұйрығымен өзгерістер енгізілген қағидасының 2 тармағына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан берілуіне байланысты бас тартылды;
224-ы Тұрғын үй қатынастары бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- 222 өтінішке «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бас тартылған, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет қағидасының 11 тармағына көрсетілген керекті құжаттардың толық болмауына байланысты 66 өтініш иелері мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркеуден қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды;
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет қағидасы және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67 және 68 бабтарына сай өтініштерінде көрсеткен санатқа жатпайтындықтарынан 90 өтініш иелеріне қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды;
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет қағидасы және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 72 бабына сай аттарында жылжымайтын мүлік (үй) тіркелгендіктен 43 өтініш иелеріне қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды;
- Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Занының аясында азамат тұрғын үй алу кезек тізімінде тіркелгендіктен қайта тіркеу мүмкіндігі қарастырылмағандықтан 23 өтініш иелеріне бас тартылды;
- 2 өтінішке «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы негізінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешендіруге қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды.
10-ы Сәулет және қала құрылысы бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша 1 өтінішке Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес келмеуіне байланысты өтініш иесіне бас тартылды;
- «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша 1 өтінішке Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларының 10-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты өтініш иесіне бас тартылды.
- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша 8 өтінішке, оның ішінде 4 өтінішке құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығының Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 7- қосымшасы, 9-тармақ, 3 тармақшасы - эскиз (эскиздік жобасы) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған мақсатына сәйкес, 3 өтінішке құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығының Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 4- қосымшасы, 9-тармақ, 5 тармақшасы - Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулерді) бұзуына сәйкес, 1 өтінішке Эскиздік жобада көрсетілген мекенжай Тараз қаласының аумағына кірмеуіне байланысты бас тартылды.
4-і Тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- «Ағаш кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 4 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының 1-қосымшасының 9-тармағының 2-тармақшасына сәйкес құжаттарының толық еместігіне байланысты бас тартылды;
19-і Тараз қаласы әкімі аппаратымен бас тартылған, оның ішінде:
- «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметі бойынша 16 өтінішке (3 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жауабына сәйкес, ҚР 16.02.2012 жылғы №561 ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 31 бабына сәйкес әскери қызметке 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылатыны, аталған тұлғаның 18 жасқа толғаннан кейін ғана өтініш бере алатынына байланысты, 2 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жауабына сәйкес, Азаматтарға білімін алуын жалғастыру үшін әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы шешім Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу Қағидасының 3-қосымшасына сәйкес білім беру ұйымдарында әскерге шақырылушыға берілетін анықтаманы берілген өтінімге тіркелмегендіктен, 11 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының хаттарына сәйкес әскери есепте тіркелмегендіктен) бас тартылды.
- «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметі бойынша 3 өтінішке (2 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жауабына сәйкес әскери есепте тіркелмегендіктен, 1 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жауабына сәйкес, дәйексіз құжаттарды ұсынған себептен) бас тартылды.
Атқарылған іс-шаралар:
2022 жылдың І тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысандағы ақпаратпен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімдермен 214 іс-шара ұйымдастырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес І тоқсанында 1 әкім аппаратының бөлімшесінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінде 2022 жылдың 01-14 ақпан аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілген.