Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы           №104 қаулысы, «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 шілдедегі №1757 қаулысы және Тараз қаласы әкімінің төрағалығымен 2022 жылғы 18 наурыздағы өткен кеңестің                        №9 хаттамасының негізінде Тараз қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:­­

  1. Ерсултан Дарханулы Жумановтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Телеорталық көшесі, №6/10 жайдағы үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0024 га (кадастрлық нөмірі 06-097-016-1186) жер учаскесіне «Таразға тарту-2022» жобасы аясында абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының                    2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағының                          4-тармақшасына  сәйкес аталған жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктеріне мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  2. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарды іске асыру мақсатында  Тараз қаласы,  «Автобекет  539 га» тұрғын ауданын орналастыру үшін Абылайхан Әсілханұлы Сарбасовтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, №093 есептік квартал,                          №109 жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 0,6700 га (кадастрлық нөмірі 06-097-093-109) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктеріне Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  2 84-бабы 2-тармағының 4-2 тармақшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  1. Галия Бекузаковна Джумашеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, «Бақшашы» тұрғын үй алабы, №134/1 жайдағы тұрғын үйдің  құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0900 га (кадастрлық нөмірі 06-097-082-611) жер учаскесі арқылы көлік жолы қарастырылуына байланысты Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес аталған жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктеріне мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен  шығарудың   келісім   рәсімдерін   жүзеге   асыру  меншік иелерімен  жер  пайдаланушылар  жүгінетін  орны  «Тараз қаласы әкімдігінің    жер   қатынастары  бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі,   мекенжайы: Тараз қаласы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 - деп көрсетілсін.
  1. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Бижигитов) меншік иелерімен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің орнына тең бағалы жер учаскесін беру туралы немесе мүліктерді бағалау бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
  2. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Бижигитов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай - коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (м.а. М.Нұржанов) меншік иелеріне жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты жылжымайтын  мүлік пен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттарындағы көрсетілген қаражаттарды уақытылы аударуы тапсырылсын.
  3. Сатып алынған жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
  4. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2024 жылдың 14 маусымына дейін деп айқындалсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Шалдаровқа жүктелсін.

Қала әкімінің   міндетін атқарушы                                                      Қ.Исмаил

 

Дата публикации
15 июня 2022