А.ж. 1 маусым күні Жамбыл облыстық референдум комиссиясының комиссия отырысы өтті. Жиынға аумақтық референдум комиссияларының төрағалары қатысты. Облыстық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың төрағалығымен өткен жиында облыстық референдум комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары бойынша аумақтық референдум комиссиясы төрағаларының есептері тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.
Жамбыл облыстық референдум комиссиясы