«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 180 теңге;
Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48032 теңге;
Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы (ЕТКД) – 37 389 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге белгіленеді.
- 2022 жылғы 1 сәуірге дейінтағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 %-ға алынған мөлшерінен артады.
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленеді.
- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мөлшері, «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңының 12 және 16-баптарында көзделген мөлшерде, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап ЕТКД-нің жаңа мөлшерін ескере отырып белгіленеді.
- № 1 және № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы, бала тууына байланысты бiржолғы төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтуміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап АЕК жаңа мөлшерін ескере отырып белгіленеді.
- Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қорғаншыларға мемлекеттік жәрдемақы, бала кезінен 1-ші топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асыратын отбасыларға (тұлғаларға) төленетінарнаулы мемлекеттік жәрдемақымөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап ЕТКД-нің арттыруына байланысты өседі.
- 2022 жылғы 1 сәуірден бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған сомадан 4%-ға өседі.
Тараз қалалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту бойынша шешімдердің жобалары дайындалып, облыстық филиал арқылы жолданды және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының фиалымен бекітілді. Тараз қаласы бойынша бұл өсім 83 880 зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыны қамтыды.
Бұл ретте артырылған сомалардағы аталған төлемдер ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларындағы жалпы сомада қосымша төлемді ескере отырып, маусым айында төленетін болады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тараз қалалық бөлімінің басшысы М.Улеков