АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

Тараз қаласының әкімдігі стационарлық емес сауда объектілерін Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №902 қаулысымен бекітілген қосымша  орындарға орналастыруға конкурс жариялайды.

 Өтініштерді қабылдау: 2022 жылғы  5 мамырдан- 4 маусымға  дейін.

Қатысуға өтініштер Тараз қаласы, Төле би көшесі, 57 «Б», 3 қабат «Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ-нің мекен-жайында қабылданады, анықтама үшін телефон: 8 (7262) 45-22-96.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2022 жылғы  4 маусым сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz?lang=ru ресми сайтында жарияланған, сонымен қатар, талап бойынша қатысушыға қолма қол ұсынылады.

Конкурсқа бөлшек саудамен айналысатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Қатысушы өзінің өтінімін өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін өзгертеді немесе қайтарып алады. Түзету алғашқы конкурстық өтінім сияқты дайындалып ұсынылады. Өзгерту немесе күшін жою туралы хабарламаны конкурстық өтінімдерді  қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ұйымдастыруға тапсыру  міндетті.

Өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық өтінімдерді өзгертуге жол берілмейді.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және жіберушілерге қайтарылады.

Конкурстың нәтижелері конкурстық комиссияның отырысынан кейін 10 жұмыс күн ішінде  https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz?lang=ru ресми сайтында жарияланады. 

Қатысушы конкурстық комиссияның шешіміне 5 жұмыс күн мерзімінде шағымдануға құқылы. Шағымдар конкурстық комиссияның отырысында қаралады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кәсіпорынның мөрімен расталған өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

5) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

6) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

 

 

Дата публикации
05 мая 2022