Тараз қаласы әкімдігімен 2023 жылы «Қатысу бюджеті» жобасын ұйымдастыру туралы
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Мемлекет басшысы өңір тұрғындарының мемлекеттік шығындарға қатысты пікірін ескеру мақсатында халықтың бюджетке қатысу жобасын барлық қалаларды іске асыруды тапсырған болатын. Жоба Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейту мен дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта, Тараз қаласы әкімдігі тарапынан тұрғындарға жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндік беру, бюджеттік процестің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Қатысу бюджеті» жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Қатысу бюджеті жобасының құны 10-25 млн. теңге, сомасында төмендегі көрсетілген критерийлерге сай келетін жобалық ұсыныстарын https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/activities/directions?lang=kk
электрондық сайтына 2022 жылдың 20 сәуір мен 10 мамыр аралығында ұсына алады.
Ол үшін ұсынылатын жобалар төмендегі критерийлерге сәйкес болуы қажет, оның ішінде:
- тротуарларды жайластыру;
- автокөлік тұрақ орындарын үлкейту және азайту;
- тасты жабындарды ауыстыру және қалпына келтіру;
- мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды орнату;
- жергілікті өтпе жолдарды, аула аумақтарын қалпына келтіру және асфальттау;
- ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу;
- жол кедергілерін орналастыру;
- ішкі жолдардың белгілерін орналастыру және белгілеу;
- қоқыс алаңшаларын жөндеу және орнату,
- аумақты көгалдандыру;
- пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
- ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
- бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
- ортақ пайдалану орындарында орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Аталған критерийлерге сай келетін жобалар қабылданып іріктелгеннен кейін, Тараз қаласы үшін жобаның өзектілігі мен маңыздылығын анықтау мақсатында, 2022 жылдың 25 мамыр 23 маусым аралығында қатысу бюджетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/activities/directions?lang=kk сайтында тұрғындар тарапынан электрондық түрде дауыс беріледі.
Дауыс қорытындысымен ұсынылған материалдарды қарастыру әкімдіктің Сараптамалық кеңесімен бес жұмыс күннің ішінде жүргізіледі, нәтижесі бойынша тиісті қорытынды шығарылып, жобалық ұсыныс қоса тіркелген өтінімдер Тараз қаласы әкімдігінің тиісті кұрылымдық бөлімшелеріне іске асыру үшін жолданады.
Жобаны сапалы жүзеге асыру үшін, өз идеяларыңызды іске асыруға белсенділік танытып, тиісті жобаларыңызды ұсынып, дауыс беруге қатысуға шақырамыз.
Барлық қосымша ақпараттар Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында және қатысу бюджетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/activities/directions?lang=kk сайтында жарияланып отырады.