Тараз қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы,               1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.   Тараз қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Тараз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Асхат Қамқабайұлы Есеналиевке жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
24 января 2022