Емханаға тіркелу.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылығын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар:⠀
⠀
Портал арқылы Egov.kz:⠀
1. Порталда авторизациядан өтіңіз;⠀
2. Іздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз;⠀
3. Қызметті онлайн сұратыңыз;⠀
4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз;⠀
5. Мекенжай мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз;⠀
6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз;⠀
7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады.⠀
⠀
@Kenes1414Bot телеграм-бот арқылы :⠀
1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз;⠀
2. Телеграм ботты іске қосыңыз, "қызметтер" бөлімін ашыңыз";⠀
3. "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу" батырмасын басыңыз";⠀
4. Қызмет алушыны көрсетіңіз (өзіңізге / балаға);⠀
5. Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз;⠀
6. Әрі қарай бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды;⠀
7. Растау кодын енгізіңіз;⠀
8. Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.⠀
⠀
Емхана арқылы:⠀
Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз.⠀
Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні.⠀
Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан шығарыласыз.⠀