Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.

КҮН ТӘРТІБІ:

 Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.

Баяндама жасау үшін сөз Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы ТоқсанбаеваБақыт Тілегенқызына берілді.

 Баяндаушы- Б.Тоқсанбаева:

 Атау беру, қайта атау мәселесі  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізіміне сәйкес жүргізіледі.

Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағида» талаптарына сәйкес тұрақты комиссияның  қарауына ұсынып отырмыз.

Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауының Хаттамасы
Дата публикации
16 февраля 2022