«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есебі
«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және мемлекеттік пәтерлерді бөлу», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру», «Олимпиядалық, Паралимпиядалық және Сурдалимпиядалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру», «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1.мекемесі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және мемлекеттік пәтерлерді бөлу» электронды түрде Сервистік бағдарламалық өнім электрондық жүйесі арқылы жүзеге асырылады
- қағаз нысанда — 0
- "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы — 1603
- Мемлекеттік корпорация арқылы — 2678
- көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде жеке кабинетіне шешім келіп түседі.
- қағаз нысанда — 94
- "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы — 121
- Мемлекеттік корпорация арқылы — 2
- қағаз нысанда — 20
Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, қағидалары, байланыс ақпараты орналастырылды.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.
Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:
Жергілікті баспасөз және интернет ресурстарына «Тұрғын үй қатынастары бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» Тараз қаласы әкімдігінің арнайы интернет сайтына жарияланып, сондай-ақ бүгінгі күнде «Zhilfond Taraz» жана сайты ашылып тұрғын үй салыс бойынша барлық ақпараттар енгізілді.