Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі
"Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2021 жылы 4 Мемлекеттік қызмет түрін көрсетті. 2021 жылы барлығы 13080 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- "Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету"- 6085 электрондық түрде қызмет алған.
- "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" (4- тоқсаныңда) - 2076 электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алған. Оның ішінде бас тартылған саны 116.
- "Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру" 215 қызмет (наурыз айында толық автоматтандырылған).
Ең сұранысқа ие қызмет "жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға көмек көрсету" болып табылады - 4588 қызмет.
Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет алушы тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттарының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі:
Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.
Орталықта мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.
Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:
Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:
Жыл бойы Jambyl taraz газеті, AQ JOL газеті, газетінде келесі мақалалар жарияланды: және (семинарлар, жәрменкелер, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.)
Сонымен қатар, көрсетіліп жатқан мемлекеттік стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетілуін және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді
- Тараз қаласы жұмыспен қамту орталығының -Инстаграмм әлеуметтік желісінде, ақпарат орналастыруда.