Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша2021 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім 14 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
14 мемлекеттік қызметтің ішінен 1 қызмет қағаз түрде, 13 мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет веб-портал арқылы көрсетіледі.
2021 жылдың 12 айында жалпы 26484 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- бөлім арқылы 5783 (21,84%),
- мемлекеттік корпорация арқылы 14147 (53,42%)
- веб-портал арқылы 6554 (24,75 %) қызмет көрсетілді.
12 айдың ішінде мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері бұзылмаған және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына келіп түскен арыз-шағымдар жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілу үлесі 2020 жылмен салыстырғанда біршама артты.
Ғимараттың 1 қабатында орналасқан операциялық залында қызметалушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы үнемі жұмыс істейді, egov.kz сайты қосылған.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайына қарай ғимаратта пандус, ескерту белгілері, қоңырау және көтергіш орналастырылған.
Көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында бөлім ғимаратының көрнекі жерлерінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ілінген стендтер орналастырылған.
2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы жүзеге асырылды. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлылығы мен ұсынылатын қызметтердің және техникалық оңалту құралдарының сапасын жақсарту үшін енгізілген.
Мүмкіндігі шектеулі жандар Жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген құрал-жабдықтарын үйден шықпай, электрондық цифрлық қолтаңбасымен https://aleumet.egov.kz/ порталы арқылы тапсырыс беріп, толық таңдау жасау мүмкіндігі берілген. Мемлекет тарапынан әр қызметтің кепілдендірілген қаражат көлемі бекітілген. Порталда құны мемлекет кепілдік берген сомадан асатын техникалық оңалту құралдарын немесе қызметтерді таңдаған жағдайда, қызмет алушы айырманы өз қаражатынан төлейді.
«Инватакси» қызметтерін ұсыну үшін 2021 жылы қозғалуға қиындығы бар І топ мүгедектерге инватакси қызметтерін "Шапағат" корпоративтік қоры көрсетті, бөлінген қаражат – 6,9 млн. тг. және І топ, көзі көрмейтін мүгедектерге инватакси қызметін – «Өмір сапасы» корпоратив қоры көрсетті, бөлінген қаражат – 6,22 млн. тг. (4 автокөлік, жол жүру саны-1457, қызмет алушылар саны- 296 адам) көрсетеді.
Іс-шараларға келер болсақ: Жыл басынан «Жамбыл-Тараз» газетіне 6 хабарлама, 4 мақала, бөлімнің инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілеріне халыққа арналған 28 ақпарттық материалдар жарияланды.
Бұдан бөлек бөлім басшысы «Jambyl» телеарнасында «Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек» тақырыбында сұхбат берді және Anticor Live жобасында тікелей эфирде берген 2020 жылдың 12 айының қортынды есебін берді.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі жандарға Әлеуметтік портал арқылы көрсетілетен қызметтер, интернет және компьютерде жұмыс істей алмайтын мүгедектерге бөлімдегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы қызмет алу мүмкіндіктері туралы арнайы бейнеролик дайындалды. Бейнеролик Тараз қаласы әкімдігінің «taraz.zhambyl.gov.kz» және бөлімнің «ozsp-taraz.kz» сайтында, әлеуметтік желі беттеріндегі парақшаларда жарияланды.
3 наурыз күні «Мүгедектердің өмірін жақсарту үшін не істелуде?» тақырыбында «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Б.Сатыбалдиевке сұхбат беріліп, газет бетінде жарияланды.
«Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында қоғамдық қабылдау іс-шарасына» сәйкес 9 сәуір күні бөлім ғимаратында «Ашық есік» яғни, қоғамдық қабылдау өткізді. 16 шілде күні «Жамбыл» телеарнасының «Бірінші студия» хабарында бөлім басшысының орынбасары Ш.Малшыбаева мен сектор меңгерушісі Г.Дүйсекова тікелей эфирде әлеуметтік сала бойынша сұхбат берді.
Бөлім басшысы және бөлімнің мамандары Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен әр аптаның жұма күндері белгіленген аумақтар бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізуде. 2021 жылдың 5 қазан күні мемлекеттік мәселелер бойынша фейсбук желісі арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылған «Онлайн жәрмеңкеге» мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар қатысып, бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Бөлім мамандарына әлеуметті көмек тағайындау барысында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру туралы семинарлар үнемі өткізілуде.
28 қазан күні Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында халықтың көрсетілген қызметтерге қанағаттанушылығы деңгейін арттыру мақсатындағы, Тараз қаласы әкімдігі бөлімдеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы түсетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері және «еGov mobile» мобильдік қосымшасында «цифрлық құжаттар» іске асырылған сервисі бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарымен бірлескен семинар-кеңес ұйымдастырылды.
2021 жылдың 15 қараша күні бөлім мамандарына «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің талдау қорытындысын қызметкерлер назарына жеткізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» түсіндірме жұмысы жүргізіліп, хаттамаланды.
2021 жылы жылы бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты 13 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды.