«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер
Бөлімде әкімдіктің ұйымдастыруымен «Сервистік әкімдік» кеңсесі ашылды.
Жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік әкімдік «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асты және онда қала тұрғындарына жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады.
Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты - азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау.
Сонымен қатар, тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында Тараз қаласында «Open space» жобасы қолға алынып, жер қатынастары бөлімі басшысының қызметтік бөлмесі қайта жабдықталып, ашық кеңседе жұмыс істей бастады.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жер қатынастары саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1) "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) "Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
8) "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
2021 жылдың көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 5236 құрады, оның iшiнде 2792 өтініштер халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген және 2444 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпараты стендтер орналастырылды (қағидалалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.
Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:
Жергілікті «Жамбыл Тараз» газетіне «Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты бір қатар мақалалар және көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысының қатысуымен жұмыс кеңестері өткізілді.