Тараз қаласы әкімі аппараты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің 2021 жылда атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Тараз қаласы әкімі аппараты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің 2021 жылда атқарған жұмысы туралы

АҚПАРАТ

           Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 тамыздағы № 898 Жарлығы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы, нормативтік әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, азаматтық хал актілерін тіркеуді және қамтамасыз ету бойынша тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін бойынша жөніндегі функцияны қоспағанда, жергілік атқарушы органдарға берілген.

Тараз қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінде мемлекеттік қызметтер көрсету  бойынша 2019 жылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2021 жылдың 28 мамырынан бастап жаңа қағидаға сәйкес 8 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Тараз қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің қызметкерлері жұмыс орнымен қамтылған. Ғимаратта 5 жұмыс кабинеті,  бір  мұрағат бар, жиһазбен,  тиісті техникамен қамтылған.

Аталған салада 1 бөлім басшысы, 3 мемлекеттік қызметкер және 7 инспектор жұмыс атқарады. Іс жүргізу дұрыс рәсімделген, қатаң есептегі елтаңбалы куәліктер темір сейфте сақталған. Акт жазба кітаптары 1937 жылдан бастап сақталған. Терезелер мен есіктер темір тормен қапталып, мұрағат кітаптары темір стеллаждарда орналасқан.

          Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі жұмыс сапасын және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету дәрежесін көтеруде, сонымен қатар халықтың табиғи козғалысын толық және уақытылы тіркелуін қамтамасыз ету үшін бөлім қызметкерлерімен  бірқатар жұмыстар атқарылуда.

          АХАТ бөлімшесінің негізгі міндеті азаматтық хал актілерін уақтылы тіркеу болып табылады.

2020 жылы бойынша АХАТ бөлімшесінде 18646 акт жазба тіркелінген. Оның ішінде: туу - 10735, неке қию - 3093, неке бұзу - 636, қайтыс болу - 3713, әкелікті анықтау - 285, бала асырап алу - 14, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту – 170. 2021 жылыбойынша АХАТ бөлімшесінде 20428 акт жазба тіркелінген. Оның ішінде: туу - 11753, неке қию - 3402, неке бұзу - 534, қайтыс болу - 4489, әкелікті анықтау - 0, бала асырап алу - 0, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту – 250.

 

 

Уақыты

Тууды тіркеу

Қайтыс болуды тіркеу

Неке қиюды тіркеу

Неке бұзуды тіркеу

Әкелікті анықтау

Ұл-қыз асырап алу

Аты-жөнін ауыстыру

2020 жылы

10735

3713

3093

636

285

14

170

2021 жылы

11753

4489

3402

534

-

-

250

+ (-)

+1018

+776

+309

-102

-

-

+80

 

Тууды тіркеудің мерзімінің бұзып тіркеудің себептеріне сараптама жүргізгенде анықталғаны. Өйткені 13.08.2007 жылдан бастап жаңадан туылған нәрестеге ЖСН (ИИН) жеке дерекқорға ата-анасының жеке куәліктеріндегі мәліметтері енгізілуі арқылы жүргізілетін болғандықтан, кейбір ата-аналардың жеке куәліктері болмауына байланысты жаңа туылған нәрестенің туылуын  тіркеу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу   туралы»     2016   жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) өзгерістер және толықтырулар енгізілгендігі жөнінде хабардар етеді.

Негізінен, өзгерістер мен толықтырулар балалар құқықтарын қорғау мәселелері,  оның ішінде, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балалардың құқықтарын қорғау бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелеріне бағытталған. Осылайша, асырап алушылардың жасына шек қою талабы алынып тасталған, балаларды отбасына орналастырудың жаңа нысаны «бала қонақтайтын отбасы»  енгізілді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар және өз отбасына  балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін құру туралы нормалар қабылданды.

Баланың тууын тіркеу мерзімі айтарлықтай өзгертілген. Осылайша, егер бұрын баланың тууы туралы өтініші оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдармен тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап екi айдан кешіктірмей беруге тиіс болса, енгізілген  түзетулерге сәйкес баланың туған күнінен бастап үш күн мерзім ішінде берілу қажет.  Сондай-ақ, бала өлі туған жағдайда, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамымен өтінішті беру  мерзімі  босанған кезден бастап бес тәуліктен бір жұмыс күнге дейін қысқартылған (Кодекстің 189-бабы).

Үш жұмыс күні өткен соң берілген өтініш бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету түрі болып табылады және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер оны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетуге міндетті.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, тиісті стандарттың жобасы әзірленіп, келісу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жолданған.АХАТ бөлімшесінің қызметкері перзентхада медициналық қызметкерлерімен және перзентханада босанып жатқан жаңа туған аналармен кездесіп, жаңа туылған нәрістеге туу туралы куәліктің 3 күн мерзімдерін түсіндіріп насихаттайды.

          Халыққа көрсететін іс сапасын көтеру мақсатында 2006 жылы желтоқсан айының 1 жұлдызынан бастап халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Күн сайын АХАТ бөлімшесіне 180-210 өтініштер келіп түсуде, көрсетілген көлемде құжаттар дайындалып Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіліп тұрады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және қолжетімділікті арттыру мақсатында, «электрондық үкімет» порталы арқылы Некеге тұру (туу тіркеу) өтініштерін қабылдауы жалғастыруды жылдан жылға азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініші, сұраныстары және басқа қалалардан келіп жатқан өтініш-сұрақтары көбейіп жатқаны анық. АХАТ бөлімшесінің қызметкерлері нақты және тез арада өтініштерді қарастырып уақытылы жауаптар мен құжаттарды беруге тырысады.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (қағида, регламент, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің  ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет  регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

 

 

 

 

Тараз қаласы әкімі аппараты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің 2021 жылда атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
20 января 2022