2021 жылы Тараз қаласы әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ЕСЕБІ

2021 жылы Тараз қаласы әкімі аппараты  тарапынан

көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің

ЕСЕБІ

 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2020 жылғы 05 қарашасындагы №605 бұйрығына сәйкес Тараз қаласы әкімі аппараты  2 мемлекеттік қызмет көрсетуде, олар

  1. «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру»,
  2. «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату».

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер толығымен  «Е-лицензиялау» және ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетіледі.

Тараз қаласы ресми сайтында «Мемлекеттік қызмет» тарауында мемлекеттік көрсетілетін  қызмет   Стандартары, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараты орналастырылды. 

Компьютердік техникасы барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әәр маманның ЭСҚ бар.

  • 2021ж. барлығы 359 қызмет көрсетілген, оның ішінде
  • 356 «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру»,
  • 3 «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату».

Көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша шағымдар жоқ, 29 мемлекеттік қызмет бойынша мерзімі бұзылған.

55 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетуден бас тартылды, оның 46 «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру»- Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының есебінде тіркелмегендіктен, 5  «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» бекітілген стандартқа сәйкес толық толтырылған есебінен.

 

2021 жылы Тараз қаласы әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ЕСЕБІ
Дата публикации
19 января 2022