«Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

«Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

          «Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген және осы бұйрыққа Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020ж. №104 бұйрығымен өзгерістер енгізілген қағидасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

          «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегi екінші санаттағы жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегi екінші санаттағы нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санаттағы әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру»

2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 180, көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердің бәрі электронды түрде көрсетілді.

          Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.).

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.

Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:

Жергілікті «Жамбыл Тараз» газетіне «Дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» туралы тоқсан сайын мақалалар жарияланған

Сонымен қатар қалады спорттық мекемелерде бөлім тарапынан әр ай сайын «Спорт саласында мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында жиналыстар өткізілді.

 

 

«Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
Дата публикации
19 января 2022