з қаласы әкімдігінің бөлімдерімен 2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес, қала бойынша 58 қызмет түрі көрсетіледі.
Осыған байланысты, 2021 жылы қызмет алушылардан 52 қызмет түрі бойынша өтінімдер түскен. Оның ішінде: 2021 жылы қала әкімінің аппаратымен 2 қызмет, қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 14 қызмет, сәулет және қала құрылысы бөлімімен 4 қызмет, АХАТ бөлімшесімен 8 қызмет, ауыл шаруашылығы бөлімімен 4 қызмет, жер қатынастары бөлімімен 6 қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 4 қызмет, жұмыспен қамту орталығымен 5 қызмет, тұрғын үй қатынастары бөлімінен 4 қызмет, спорт бөлімімен 1 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардан:
2021 жылдың 12 айында – 89 617 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- қағаз түрінде және баламалы негіздегі қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 9 845 (10.9%);
- мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер –44 363 (49.5%);
- ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталын – 35 409 (39.5%).
Тараз қаласы әкімінің аппараты (2 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімінің аппараты тарапынан жалпы – 359 қызметтер көрсетілді. Оның ішінде:
«Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 359 қызмет (100%), (2 қызмет);
- Әскерге шақыруды кейінге қалдыру – 356;
- Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату – 3.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесі (8 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесі тарапынан жалпы – 28 366 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде:
- Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 2430 қызмет (8.5%);
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 21832 қызмет (76.9%);
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 4104 қызмет (14.4%).
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 2430, (7 қызмет);
- Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -1310;
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 777;
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 260;
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру – 4;
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 61;
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу –5;
- Азаматтық хал актілері жазбаларын жою – 13.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 21832 (6 қызмет);
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу –224;
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 323;
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру – 10326;
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру – 5;
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 628;
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -10326.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 4104, (8 қызмет);
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру – 90;
- Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -2123;
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 326;
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу -1478;
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру – 8;
- Азаматтық хал актілері жазбаларын жою – 11;
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу –1;
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 67.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (14 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жалпы – 14 888 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде:
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 1649 (11%), (3 қызмет):
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 3;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 29;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 1617.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер –12336 (82.8 %), (14 қызмет):
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 122;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру – 40;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 197;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 224;
- Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 1098;
- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу – 1825;
- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 2653;
- Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу – 252;
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 446;
- Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 1516;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу - 48;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 109;
- Ақталған адамға куәлік беру – 1;
- Тұрғын үй көмегін тағайындау – 3805.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 903 (%), (8 қызмет);
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 358
- Тұрғын үй көмегін тағайындау – 210;
- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу – 140;
- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 65;
- Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 78;
- Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 23;
- Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу – 1;
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 28.
Жұмыспен қамту орталығы (5 қызмет).
2021 жылдың 12 айында жұмыспен қамту орталығы тарапынан жалпы – 26 703 қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 327:
- Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 327.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 26 376 (5 қызмет):
- Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу – 1133;
- Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру – 215;
- Жұмыссыздарды тіркеу – 4373;
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу – 7563;
- Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 8166;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру – 4952.
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі (4 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі тарапынан жалпы – 4440 қызметтер көрсетілді.
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 40 (1 қызмет);
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру – 40.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2782 (4 қызмет);
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 2663;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру – 97;
- Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлегерлеріне тұрғын үй беру – 2;
- Тұрғын үй сертификаттарын беру – 20.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 1618 (1 қызмет);
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 1618.
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі (4 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан жалпы – 5057 мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 3 890 (76.9%), (1 қызмет);
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 3890.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер - 1167 (23%), (3 қызмет);
- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 814;
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 341;
- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 12.
Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі (4 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімі тарапынан жалпы – 678 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде:
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 369 (54.4%), (3 қызмет);
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру – 46;
- Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 269;
- Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру – 54.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 309 (45.5%), (3 қызмет);
- Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 275;
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру – 30;
- Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу – 4.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі (6 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі тарапынан жалпы – 5 360 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде:
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 614 қызмет (11.4%), (2 қызмет);
- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау - 5;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 609.
Баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 1884 (35.1%), (2 қызмет);
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 590;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 1294.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2753 (51.3%), (3 қызмет);
- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 2391;
- Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру – 3;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 359.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 109 (2 қызмет);
- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту – 107;
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 2.
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (4 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жалпы – 116 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 116 қызмет (100%), (4 қызмет);
- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 44;
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама обьектілерін орналастыруды келісу – 23;
- Ағаштарды кесуге рұқсат беру – 48;
- Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру - 1.
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі (1 қызмет).
2021 жылдың 12 айында Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан жалпы – 181 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
- 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру-1.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
- 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру-180.
Тараз қаласында 2021 жылдың 12 айында 33 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері бұзылып көрсетілген. Оның ішінде:
Тараз қаласы әкімі аппаратында – 29:
«Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» (27) және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» (2) мемлекеттік қызметтері бойынша 29 мерзім бұзу фактілері орын алған, жауапты маман Тараз қаласы әкімінің көмекшісі Қ.Өскембековаға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімін - 3:
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметі бойынша 3 мерзім бұзу фактілері орын алған, бөлімнің бас маманы М.Дүйсенбіге «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды;
Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде – 1:
Бөлімнің «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік қызметі бойынша 1 өтініштің мерзімі бұзылған, бөлімнің бас маманы Г.Болатжанқызына «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Шағымдар туралы:
Жыл басынан бері Тараз қаласы бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанбауына байланысты шағымдар түспеген.