Тараз қаласы әкімінің аппараты Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсанына қысқаша есебі

Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі, әкім аппараты және 7 әкімдік бөлімдерімен мемлекеттік тізілімге сәйкес 56 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.  Оның ішінде: 6 – қағаз түрінде, 16 – электронды түрде (толық автоматтандырылған), 34 – баламалы түрде (қағаз және электронды түрде) көрсетілуде.

2021 жылдың ІІІ тоқсанында қала бойынша әкімдік бөлімдерімен 70 522  мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

оның ішінде:

- қағаз түрінде –  9 345,  13,2%-ды құрайды;

- электронды түрде – 61 177,  86,8%-ды құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 4 622. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы және құжаттарды дұрыс толтырмауы.

Мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілу пайызы 2021 жылдың 9 айында 86,8% құраса, ал 2020 жылдың 9 айында 79,2% пайызды құраған.

2021 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер тіркелген жоқ.

Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсанында 61 түсіндірме іс-шаралары жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер және т.б.) 480 000 халық қамтылды.      

 Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімшесімен «Е-әкімдік», «Е-лицензиялау», «е-Собес», «ИИС ЦОН», «www.gosreestr.kz» ақпараттық жүйелері арқылы күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.

Аппарат акима города Тараз Краткий отчет об оказании государственных услуг за ІІІ квартал 2021 года
Дата публикации
07 октября 2021