Вакцинацияның электрондық паспорты: бұл туралы не білуіміз керек?
Вакцинацияның электрондық паспорты – вакцинацияның медициналық тарихы. Яғни құжат профилактикалық екпелерді алғандығын куәландырады. Комитет вакцинация паспортын вакцинацияның екі кезеңінен өткеннен кейін eGovmobile мобильді қосымшасының «Сандық құжаттар» бөлімінде алуға болатынын айтты. Деректер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтер базасына сәйкес автоматты түрде толтырылады. Бүгінгі күнге дейін вакцинация паспортында келесі мәліметтер көрсетіледі: толық аты-жөні, вакцинация алғандағы тіркелген орны, препараттың атауы, вакцинацияның бірінші және екінші кезеңдерінің күні, дозаның сипаттамасы, препарат сериясы, дәрігердің толық аты-жөні, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңде бақылау. Жеке деректерді қорғау үшін паспорт иесінің рұқсатынсыз үшінші тараптың көруіне тыйым салынады. Алайда өз құжатын үшінші тараппен бөліскісі келетін адамдар үшін QR кодты сканерлеу арқылы жүзеге асыруға болады. Egov mobile қосымшаны жүктеп бүгінгі күннің өзекті мәселесі болған осы вакцина паспортын да алуға болады.Ол үшін Egov mobile қосымшасын жүктеп, қосымшада авторлану керек. Цифрлық құжаттар қызметіне өтіп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы жаңарту батырмасын басу арқылы тізімнен Вакцинация паспортын таңдау қажет. Содан кейін паспортты ұялы телефоныңызға жүктеп немесе шығарып алсаңыз да болады.
Тараз қалалық №3 халыққа қызмет
көрсету бөлімінің жетекші маманы М.Асембаев