Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

Тараз қаласы                              №3283                                         3 тамыз 2021 ж.

 

 

 

 

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы           №104 қаулысы, «Нақты жоспарлау жобаларын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №29,  «Тараз қаласы 15 шағынауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №4718 және «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы                            №4082 қаулылары негізінде Тараз қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:­­

  1. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында Тараз қаласы, 15-шағынауданға жол құрылысын жүргізу үшін Атиркул Улмесхановна Нурлыбаеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі, №347 жайдағы тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0800 га (кадастрлық нөмірі 06-097-013-911) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  2. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында, «Бәйтерек» шағынауданы, Тәуке хан көшесінің бойынан жұқпалы ауруларға арналған балалар ауруханасының құрылысын салу үшін Сейтхан Джошибаевтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, «Бәйтерек» шағынауданы, №2 жайдағы үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 1,6975 га                           (кадастрлық нөмірі 06-097-063-2151) жер учаскесі  мен  өзге  де  жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  3. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында, Тәуке хан көшесінен жолдың жасыл желек аумағын ұйымдастыру үшін Кунсулу Нурадиновна Тусупованың және Лаззат Койшегораевна Кадырбекованың жалпы ортақ үлестік меншік құқығындағы Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі, №22 «Б» жайдағы техникалық қызмет көрсету пункті сауықтыру кешені, шағын қонақ үй және кафе құрылысы үшін, көлемі 0,2880 га (кадастрлық нөмірі 06-097-063-160) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  4. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсету аумағын қайта жаңғырту үшін Жангали Жумакадырович Бактыхожаевтың уақытша өтеулі ұзақ мерзімді (жалға алу) құқығындағы Тараз қаласы, «Алатау» шағынауданы, №42 және №52 тұрғын үйлердің аралығындағы уақытша автотұрақ ұйымдастыру үшін, көлемі 0,0412 га (кадастрлық нөмірі 06-097-030-802) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  5. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарды іске асыру мақсатында, Абай даңғылы, №200 және №202 орта қабатты тұрғын үйлердің аумағын қайта жаңғырту және сквер құрылысын салу үшін төмендегі меншік иесінің жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.

1) Акерке Женисбековна Тлеужанованың уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану  (жалға алу) құқығындағы Тараз қаласы,  Абай даңғылы,               №200 «Г» жайдағы үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0100 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-1272) жер учаскесі;

2) Акерке Женисбековна Тлеужанованың уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану  (жалға алу) құқығындағы Тараз қаласы,  Абай даңғылы,               №200 «Г» жайдағы үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0341 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-1285) жер учаскесі;

3) Акерке Женисбековна Тлеужанованың уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану  (жалға алу) құқығындағы Тараз қаласы,  Абай даңғылы,               №200 «Г» жайдағы абаттандыру және көгалдандыру үшін, көлемі 0,0660 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-1284) жер учаскесі.

  1. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында бокс спорт кешенінің құрылысын жүргізу үшін Салима Сагымбековна Байтуриеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі, №26 «В» жайдағы мектепке дейінгі және мектепке білім беру мекемесі үшін, көлемі 1,3057 га, соның ішінде дренаж үшін, көлемі 0,1361 га (кадастрлық нөмірі 06-097-063-507) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  2. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында көріктендіру және көгалдандыру аймағы үшін және электр қуатының санитарлық-қорғау аумағына кіруіне байланысты Жеңісгүл Сейтханқызы Буркутбаеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, №088 есептік кварталы, №42 жайдағы шаруа қожалығын жүргізу және жылыжай, қарауыл үйі, қойма құрылысын жүргізіп аумағымен қызмет көрсету үшін, көлемі 2,8000 га (кадастрлық нөмірі 06-097-088-042) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен  шығарудың   келісім   рәсімдерін   жүзеге   асыру  меншік

иелерімен  жер  пайдаланушылар  жүгінетін  орны  «Тараз қаласы әкімдігінің    жер   қатынастары  бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі,   мекенжайы: Тараз қаласы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 - деп көрсетілсін.

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Бижигитов) меншік иелерімен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің орнына тең бағалы жер учаскесін беру туралы, сонымен қатар мүліктерді бағалау бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
  2. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Бижигитов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай - коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (З.Тұрсынұлы) меншік иелеріне жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты жылжымайтын  мүлік  пен

жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттарындағы көрсетілген қаражаттарды уақытылы аударуы тапсырылсын.

  1. Сатып алынған жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылдансын және Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.                Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2023 жылдың 2 тамызына дейін деп айқындалсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Садубаевқа жүктелсін.

                                                  

 

Қала әкімі                                                              Е.Жылқыбаев

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Дата публикации
04 августа 2021