Тараз қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының

 көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                                                           23 маусым 2021 жыл

                                                                                                      сағат 16.00

 

Төрағалық етуші: А.Қайназарова

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылды.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:

А.Қайназарова

-Тараз қалалық мәслихатының  депутаты.

 

        Жұмыс тобының мүшелері:

Н.Әбілдаев

- Тараз қалалық мәслихатының  депутаты;

Ж.Бастаубаева

- Тараз қалалық мәслихатының  депутаты;

Ә.Дәулетбаева

- Тараз қалалық мәслихатының  депутаты;

А.Қарағалиев

- Тараз қалалық мәслихатының  депутаты.

 

Жұмыс тобының хатшысы:

А.Құдайбергенова - Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

 

Шақырылғандар:

Тараз қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, бөлім басшылары, бас инспекторлары, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.  

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы.

 

          Баяндама жасау үшін сөз Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тілегенқызы Тоқсанбаеваға берілді.

 

          Баяндаушы- Б.Тоқсанбаева:

  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің хатына сәйкес  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізіміне сәйкес, Тараз қаласындағы бірнеше көшені қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда:

  1. Бауыржан Момышұлы көшесінің 4-бұрылысын - Жазылбек Қуанышбаев көшесі деп қайта атау (2021 жылғы 27 мамырдағы Облыс әкімінің төрағалығымен өткен Тіл саясатының іске асырылу барысы туралы кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес);
  2. «Барысхан» алқабындағы Жазылбек Қуанышбаев көшесін - Мұстафа Шоқай көшесі деп қайта атау;
  3. Западный көшесін, Западный көшесінің 1,2,3-бұрылыстарын - Қазақ радиосы көшесі деп қайта атау (Телерадиожурналист, «Хабар», «Еларна» телеарналарының тұңғыш журналист-тележүргізушісі А.Сансызбайұлы);
  4. Железнодорожный көшесін, Железнодорожный көшесінің бұрылысын -Знамя труда көшесі деп қайта атау (2021 жылдың 16 сәуірінде Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кеңестің №29 хаттамалық тапсырмасына сәйкес);
  5. Дальняя көшесін, Дальняя көшесінің бұрылысын - Ақжол көшесі деп қайта атау (2021 жылдың 16 сәуірінде Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кеңестің   №29  хаттамалық тапсырмасына сәйкес);
  6. Надежда Крупская көшесін, Надежда Крупская көшесінің 1,2,3-бұрылыстарын - Мәңгілік Ел көшесі деп қайта атау (көше тұрғындарының ұсынысы).

          Жоғарыда аталған  ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» талаптарына сәйкес тұрақты комиссияның  қарауына ұсынып отырмыз.

Тараз қаласындағы қайта аталатын  көшелердің тізімі

№

 

Көше  атауы

Ұзындығы

Жобаланған жаңа атау

1.      

Бауыржан Момышұлы көшесінің

4-бұрылысы

1,40 метр

Жазылбек Қуанышбаев - (1896-1986 жж.) Шопан, малшы-селекционер,  2 мәрте Социалистік Еңбек Ері. Қой тұқымын асылдандыру жұмысымен айналысып, қаракөл қойын өсірген.

2.      

Жазылбек Қуанышбаев көшесі

535 метр

   Мұстафа Шоқай -

(1890-1941 жж.) Алаш қайраткері, көрнекті саяси қайраткер.

3.      

Западный көшесі,

Западный көшесінің 1,2,3-бұрылыстары

 

1,43 метр

Қазақ радиосы -Қазақ радиосы - еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады. Биыл радионың құрылғанына 100 жыл толып отыр.

4.      

Железнодорожный көшесі, Железнодорожный көшесінің бұрылысы

500 метр

Знамя труда -  "Еңбек туы" - қазақстандық орыс тілді газет, Жамбыл облысы әкімдігінің баспа органы. 1919 жылдың тамыз айынан бастап шығарылады.

Газет 1919 жылдың тамызында Әулиеата уездік комитеті мен уездік атқару комитетінің органы ретінде құрылды. Алғашқы атауы-"Әулие-Ата жаршысы". 1939 жылға дейін уездік, кейін аудандық газет болды. Осы кезеңдегі атау бірнеше рет өзгерді. 1939 жылы Жамбыл облысы құрылғаннан кейін газет КОКП Жамбыл облыстық комитетінің баспа органы болып, "Коммунист"атауын алды. Қазіргі "Знамя труда" атауы 1963 жылдың 1 маусымынан бастап аталады.

1979 жылы газет "Құрмет Белгісі"орденімен марапатталған.

5.      

Дальняя көшесі, Дальняя көшесінің бұрылысы

1,73 метр

Ақжол - 1922 жылдың

1 мамырында Әулиеата ояздық, қалалық партия комитетінің, Кеңес атқару комитетінің органы «Вольная беднота» газетінің қосымшасы ретінде дүниеге келді.

1924 жылдың тамыз айынан бастап басылым «Еңбек» деген атпен шыға бастады.

Әулиеата оязының аудан болып қайта құрылуына байланысты 1929 жылдың 1 қаңтарынан «Диқан даусы» атты аудандық газетке айналды. «Жаппай ұжымдастыру» науқанына байланысты газеттің аты 1931 жылдың басынан «Колхозшы» деп аталса, 1938 жылы сәл өзгеріске ұшырап, «Колхоз жолына» айналды.

1939 жылы Жамбыл облысы құрылғанда газет облыстық және Жамбыл қалалық партия комитеттері мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесінің органына айналған.

Заман ағымына қарай 1944 жылға дейін «Коммунист», одан кейін «Сталиндік жол» атанған басылым 1958 жылдан бастап «Еңбек туы» деген атқа ие болды.

1962 жылы облыстық бірден-бір қазақ газеті жабылып, бір жылдан кейін орыс тіліндегі «Знамя труда» газетінің аудармасы ретінде жарық көрді. Тағы бір жылдан кейін ғана қайтадан дербес басылымға айналды.

1972 жылы газет өзінің елу жылдық мерейтойына орай КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Құрмет белгісі» орденімен наградталса, он жылдан кейін, яғни Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1982 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен Құрмет грамотасымен наградталды.

1990 жылдың 3 сәуірінен бастап газет «Ақ жол» деген атпен шыға бастады.

6.      

Надежда Крупская көшесі, Надежда Крупская көшесінің 1,2,3-бұрылыстары

2,04 метр

Мәңгілік Ел - Қазақ елінің ұлттық идеясы.

 

Сіздердің тараптарыңыздан қолдау тапқан жағдайда тиісті құжаттар жинақталып республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.  

Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.

Қолдағандар - 5. Қарсы - жоқ. Қалыс – жоқ.

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
  2. Көпшілік тыңдаудың хаттамасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:                                                 А.Қайназарова

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Н.Әбілдаев

 

Ж.Бастаубаева

 

Ә.Даулетбаева

 

А.Қарағалиев

 

Жұмыс тобының хатшысы:                                         А.Құдайбергенова

Тараз қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
23 июня 2021