Тараз қаласының әкімдігінің 2021 жылдың 14 маусымындағы №2160 қаулысы

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

Тараз қаласы                                      №2160                            14 маусым 2021 ж.

 

 

 

 

 

 

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы           №104 қаулысы, «Тараз қаласы 15 шағынауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы                           25 желтоқсандағы №4718, «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №2988, «Нақты  жоспарлау жобаларын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы            10 желтоқсандағы №1097, «Нақты  жоспарлау жобаларын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы №1097 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы                   25 желтоқсандағы №4722 қаулылары негізінде Тараз қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:­­

  1. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарды іске асыру мақсатында Тараз қаласы, Асқаров көшесі соңындағы 312 га ауқымда тұрғын ауданын орналастыру үшін төмендегі меншік иелерінен жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:

1) Досан Баймуратович Кашагановтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, №091 есептік кварталы, №879 жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 2,2200 га (кадастрлық нөмірі 06-097-091-879) жер телімі.

2) Карлыгаш Абеновна Умированың уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану  (жалға алу)    құқығындағы    Тараз қаласы,    «Нұрбаев»    өндірістік

 

коопертивіндегі (№091 есептік кварталы, №269 жайдағы) шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 10,0000 га (кадастрлық нөмірі 06-097-091-269) жер телімі.

  1. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында, Тараз қаласы, 15-шағынауданға магистралді жылу жүйесін тарту үшін Назипа Ализаховна Кумбаеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, «Төрткөл» алқабы, А.Абдуллин көшесі, №25 «В» жайдағы тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0800 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-032-1066) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
  2. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында, Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқабын (15-шағынауданын) орналастыру үшін Камиль Нияз Оглы Фахрадовтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, 15-шағынауданы №94 «Б» жайдағы шаруа қожалығын жүргізу үшін, көлемі 0,2900 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-089-094) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
  3. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында, орта қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін Абай Ғизатұлы Сисенғалидің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Павлов көшесі, №1 «А» жайдағы тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0759 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 06-097-007-1148) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
  4. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен  шығарудың   келісім   рәсімдерін   жүзеге   асыру  меншік

иелерімен  жер  пайдаланушылар  жүгінетін  орны  «Тараз қаласы әкімдігінің    жер   қатынастары  бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі,   мекенжайы: Тараз қаласы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 - деп көрсетілсін.

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Бижигитов) меншік иелерімен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің орнына тең бағалы жер учаскесін беру туралы, сонымен қатар мүліктерді бағалау бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
  2. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Бижигитов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай - коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (З.Тұрсынұлы) меншік иелеріне жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға байланысты жылжымайтын  мүлік  пен

жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттарындағы көрсетілген қаражаттарды уақытылы аударуы тапсырылсын.

  1. Сатып алынған жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылдансын және Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.                Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2023 жылдың 14 маусымына дейін деп айқындалсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Есеналиевке жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                     Е.Жылқыбаев

 

 

 

 

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Дата публикации
14 июня 2021