ЭЦҚ (Электрондық цифрлыққолтаңба)–не үшін қажет және қолдану аясы!
Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз не?
Негізгі тақырыпқа көшпестен бұрын ЭЦҚ-ның не екенін және ол кәдімгі қол қоюдан қандай айырмашылығы бар екенін біліп алайық. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заң 2003 жылы қабылданған. Әрине, ол уақыттан бері біршама өзгерістер болды.Соңында заң өзгеріске ұшырап, бірнеше рет толықтырулар енгізілді. «Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану» заңының 10-бабына көңіл аударсақ: «Электрондық цифрлық қолтаңба жеке тұлғаның өз қолымен қойған қолына тең…», — деп жазылған, ары қарай сәйкестілікке қажетті жағдайлар келтірілген.
Сонымен, ЭЦҚ - кеңейтілген мүмкіндіктері бар өз қолыңның қолтаңбасы. Басқаша айтқанда, бұл сіздің заңды күші бар жеке шифрланған символдар топтамасы.
ЭЦҚ көмегімен қандай қызмет алуға болады?
Мемлекеттік қызмет және анықтама түрлерінің бірнеше түрін атап өтсек:
оны балабақша кезегіне тіркеу;
ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?
Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі:
Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) не үшін қажет?
Электрондық құжат айналымы енгізілгеннен бері, тіпті қазірдің өзінде дамудың жетегіне ілесе алмаған адамдарды осы сұрақ мазалайды. Оның не қажеті бар, жылына бір рет анықтама қағаз алу үшін бе? Бұл қате түсінік. Электронды цифрлық қолтаңбамен жұмыс істей алған азамат,электронды үкімет порталы арқылы алынатын көптеген қызметтерге қол жеткізе алады.
Тараз қалалық №3 Халыққа қызмет
көрсету бөлімі басшысының орынбасары
Шайдильдаев Б.А.