ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бақылау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 17 мамырда «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №2 бөлімінде қоғамдық қабылдау жүргізілді. Қоғамдық қабылдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен өтті.
Аталған іс-шара шеңберінде онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіліп, Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерімен халыққа толық ақпарат берілді. Қабылдау барысында 70 адам қамтылды.
Қоғамдық қабылдау барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сұранысқа ие салалары бойынша (жер қатынастары, тұрғын-үй қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, АХАТ, халықты жұмыспен қамту орталығы) қажетті консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді.