Хабарландыру

Тараз қаласы әкімі аппараты мен Тараз қалалық соты тарапынан, «Мемлекеттік органдарымен ұйымдардың қатысумен өткізілетін Әкімшілік рәсімдерді және Әкімшілік сот ісін жүргізу заңнамаларын оқыту бойынша семинарлық сабақтары» туралы жоспар 2021 жылдың 9 сәуірінде бекітілген.

Аталған жоспарда белгіленген мерзімдерінде, әкімдіктің бөлім басшылары, бөлім басшыларының орынбасарлары, бөлімдердің сектор меңгерушілері, заңгер қызметкерлері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне бақылау жүргізетін жауапты қызметкерлердің қатысуы қамтамасыз етіледі.

Бекітілген жоспар негізінде, Тараз қаласы әкімі аппараты және Тараз қалалық сотының судьяларымен бірлесіп әкімдіктің қызметкерлері арасында ҚР ӘРПК түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар 2021 жылдың сәуір айының 23-нен бастап маусым айының 4-не дейін жүргізілетін болады.

 

 

Құқық қорғау органдырмен жұмыс

және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің

бас инспекторы Д.Алиаскарова

 

тел.: 45-77-23

Дата публикации
28 апреля 2021