Тараздағы білім беру саласына қатысты ақпарат

Білім мекемелерінің желісі.

Білім бөліміне қарасты 60 мектеп, 45 балабақша, 1 кешкі мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, барлығы 111 мекеме жұмыс атқарады.

Мектептердің қатарында:

Гимназиялар – 6

Мектеп-гимназиялар -8

Мектеп-лицей – 1

Оқыту тілі бойынша: қазақ тілінде - 28, орыс тілінде - 7, аралас- 25.

Қаржыландыру.

2021 жылға барлығы 43 136 162,0 мың теңге қаражат қарастырылған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

Қалада 133 мектепке дейінгі мекеме бар, оның ішінде:

  • мемлекеттік – 45 бөбекжай-бақша мен 18 шағын орталық

  • жекеменшік - 69 бөбекжай-бақша мен 1 шағын орталық.

Жобалық сыйымдылығы – 20 931 орын.

Қамтылған бала саны - 19 797 .

Қамтылу көрсеткіші: 1-6 жаста – 83%, 3-6 жас -100%.

2021 жылға 1200 орын ашу жоспарланған.

Орта білім.

Оқушы саны – 77174 (күндізгі – 76 926, кешкі мектеп – 248)

оның ішінде:

- арнайы сыныпта – 273 (12 мектепте)

- үй жағдайында – 554 (57 мектепте)

- инклюзивті біліммен 195 (46 мектепте) оқушы қамтылған.

Жалпыға міндетті білім беру қорынан берілетін көмек түрлері.

Көрсеткіш

2021 жылға (мың теңге):

Бала саны

Жалпыға міндетті білім беру қоры – 2 302 167,0 мың теңге.

Тасымал ұйымдастырылатын мекемелер (9 мектепте: №10,14,19,21,50,55,56,57,59)

3294

Жалпы автобус саны - 18

2021 жылы 3 автобус алу жоспарланды

Тегін ыстық тамақпен қамтылғаны

18100

Киім-кешекпен қамтылғаны

18100

Кеңсе тауарлары мен мектеп сумкасы

18100

Қала сырты мен мектеп жанындағы лагерь

18 100

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалар - 465, қорғаншылықта 355 бала және 85 бала патронаттық тәрбиеде. Қабылдаушы отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар саны- 5, 8 отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде 20 бала тәрбиеленуде.

 

Қосымша біліммен қамту.

Қосымша біліммен қамтылған бала саны – 65551 (85,2%).

Мектептен тыс қосымша біліммен қамтылғаны- 15199 бала.

Оның ішінде:

-Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы -7367

-Техникалық шығармашылық орталығы-3458

-Балалар көркемөнер мектебі -638.

- Мектептердегі спорттық секцияларға - 31503 бала.

Кадрлық құрам.

Педагогтар саны - 9551, оның ішінде:

- мектептердегі педагогтар саны – 6692,

- бөбекжай-бақшаларда – 2560

- қосымша білім беру ұйымдарында - 299

Дата публикации
19 апреля 2021