Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Тараз қаласы әкімі аппараты 09.04.2021 жылы сағат 12.00-де, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі және «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №4 Халыққа қызмет көрсету орталығы (Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, № 14, 1-қабат) мекен-жайындағы ғимаратында қала тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Қоғамдық қабылдауда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты ақпарат берілетін болады.