Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Тараз қаласы әкімі аппаратымен 29.03.2021 жылы сағат 12.00-де, «Тараз қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Тараз қаласы, Жүнісәлиев көшесі, № 49, 1-қабат) мекен-жайындағы ғимаратында қала тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Қоғамдық қабылдауда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты ақпарат берілетін болады.