«Цифрлық даму-болашаққа қадам»
ҚР Президентінің Жолдауында мемлекеттік органдардың халықпен «бір терезе қағидаты» арқылы жұмыс атқаруы міндеттелген. «Бір терезе қағидатының» бірқатар ерекшелігінің бірі - уәкілетті органдардың қызметкерлерімен арадағы байланысқа шек қойып, сол арқылы сыбайлас жемқорлықты азайту.
Тұрғындар көбінесе құжаттандыру, қалада тұрғылықты мекен-жайға тіркеуге тұру және шығу мәселесімен, сондай-ақ жылжымайтын мүліктерді тіркеу, және де анықтамалар мен ақпараттар алу үшін келеді. Осындай халыққа қызмет көрсету қызметтерін Тараз қалалық №3 халыққа қызмет көрсету бөлімі деазаматтардың өзіне қатысты мәліметті игеріп, құжат саласын реттеуге және уақытын үнемдеуге ықпал ете отырып, электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңестер берумен айналысады.
Сонымен қатар ел игілігіне арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ақпараттық жүйелерді ыңғайластыру нәтижесінде бірқатар мемлекеттік көрсетілетін қызмет элктронды форматқа ауысты.Бөлім алдында тұрған ең үлкен міндет - бұл халыққа көрсетіп жатқан қызметтердің сапасын арттырып, қағазбастылыққа қатысты келеңсіздіктерді азайтумен қатар, тұтынушыларды EGOV MOBILE, TELEGRAM мобильді қосымшалары арқылы анықтамаларды алу бойынша үйрету жұмыстарын жүргізумен айналысады. Бұл қосымшалар арқылы көптеген анықтамаларды алуға болады. Кез-келген адам әуре-сараңсыз электронды үкімет порталын пайдаланып, өзіне қажетті қызметті үйде отырып тапсырыс бере алады. Тапсырыс беру барысында сұрақтар туындаса ұялы телефоннан 1414 нөміріне қоңырау (тегін) шалып, операторлар көмегіне жүгінуге мүмкіндігі бар.
Қызмет алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты түрде оқыту-үйрету жұмыстары жүргізумен қатар, бөлім қағаз тасмалдағышта операциондық зал арқылы құжаттарды қабылдап, уәкілетті органдарға жеткізумен айналысады. Уәкілетті органдардан орындалып келген құжаттар дайын құжаттарды беру терезесі арқылы тұтынушыларға табыс етіледі.
Бөлім мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге арналған арнайы тереземен қамтылған. Бұл жердемүмкіндігі шектеулі азаматтарғакезексіз қызмет көрсетіліп, алаңсыз қызмет алуларына мүмкіндік жасалынған.Уақыт талабына сай азаматтарға электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алуға және үйретуге арналған, жұмыс орыны, яғни өзі-өзіне қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Бұл секторда сауатты, жоғарғы білікті мамандар қызмет атқарып, сапалы қызмет көрсетуде.
Бөлім қызметкерлері мемлекетіміздің халыққа қызмет көрсету мекемелеріне қойып отырған талаптарына сай толыққанды қызмет атқара отырып, алдағы уақытта да осындай сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізетін болады.
Тараз қалалық № 3 Халыққа қызмет көрсету
бөлім басшысының орынбасары
Б.Шайдильдаев