Тараз қаласы әкімі аппараты және аппаратының АХАТ бөлімшесі және 8 әкімдік бөлімдерімен 2020 жылдың қараша айына мемлекеттік тізілім бойынша мемлекеттік қызметтердің 78 түрі көрсетілді.
Тараз қаласында 2020 жылдың қорытындысы бойынша, 107 606 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
оның ішінде:
- қағаз түрінде – 20 172, 18,7%-ды құрайды, оның – 19 510-і жеке тұлғаларға, 662-і заңды тұлғаларға;
- мемлекеттік корпорация арқылы – 38 536, 35,8%-ды құрайды, оның ішінде жеке тұлғаларға – 37 714, заңды тұлғаларға – 822;
- электронды түрде – 48 898, 47%-ды құрайды, оның – 48 438–і жеке тұлғаларға, 460-ы заңды тұлғаларға.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 4 780, оның ішінде:
- жеке тұлғаларға – 4 661, оның – 2 581-ы электрондық веб-портал арқылы, 2 080-ы қағаз түрінде;
- заңды тұлғаларға – 119, оның – 51-і электрондық веб-портал арқылы, 68-і қағаз түрінде.
Өткізілген іс-шаралар саны 243, жүргізілген түсіндірме жұмыстарымен қамтылған халықтың саны 510 000.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 44 - қағаз және электронды түрде, (оның ішінде 10 қызмет толық автоматтандырылған, 14 қызмет жартылай автоматтандырылған, 20-баламалы түрде), 17 - электронды түрде, ал 15 – қағаз түрінде көрсетіледі.
Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерімен 2020 жылдың басынан 14 мемлекеттік қызметтердің мерзім бұзу фактілері анықталып, тәртіптік шаралар қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы және Тараз қаласы әкімімен «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген.
Тараз қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңесімен 2020 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу көзделген. Аталған жоспарға сай І тоқсанда «Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту» мәселесі қаралып, ұсыныстар берілді.
Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінде «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын» жаңғыртып, жауапты мамандар бекітілді.
Қантар айында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен 2020 жылы БАҚ-на және әкімдіктің әлеуметтік желілеріне жарияланатын ақпараттар туралы кесте жасалынып, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша ақпаратты әзірлеп, жолдау Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесіне жүктеліп, ай сайын кестеге сай ақпараттар жарияланып келеді.
Мамыр айында Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы тұрғындардың электрондық қызмет көрсету түрлерін алу мүмкіндігінің шектелуіне байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша Филиалы және Тараз қаласы әкімі аппараты азаматтардың мемлекеттік қызметтерді толыққанды алуын қамтамасыз ету мақсатында, қаламыздың халық көп шоғырланатын аудандарында «Астана» мөлтек ауданы (12) №31 үйдің 1 қабатында және Сүлейменов көшесі, №5 «А» мекен-жайда орналасқан Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар қабілет орталығында» «SMART орталықтары» ұйымдастырылды. «SMART орталықтары» мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде алу жолдарын көрсететін кәсіби деңгейі жоғары қызметкерлермен және компьютерлік техникаларымен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, Тараз қаласында сервистік қызмет көрсету үлгісіне көшуді Мемлекет басшысының қолдауын есепке ала отырып, әкімдіктің қызметін талаптарға сәйкес ұсыну үшін сервистік әкімдіктің екінші офисі ағымдағы жылғы 18 тамызында Тараз қаласы, Төле би көшесі, 57 «Б» мекен-жайда орналасқан ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен қайта ұйымдастырылды. Сервистік әкімдіктің атқарған жұмысы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау мақсатында Тараз қаласы әкімі аппаратымен 2020 жылғы 26 тамыздағы №34 «Jambyl Taraz» қалалық қоғамдық-саяси газетінде екі тілде жарияланды. Сонымен қатар, қала әкімінің «taraz.zhambyl.gov.kz» ресми сайтына, Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне орналастырылды.
2020 жылдың 23 қыркүйегінде «Жамбыл облысы аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тұрғындар арасында түсіндіру, БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу» бойынша Жамбыл облысы әкімі аппаратымен бекітілген медиа-жоспарына сәйкес 2020 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 14.30-да «JAMBYL» телеарнасына Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушілері «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау» тақырыбында сұхбат беріп, 2020 жылғы 30 қыркүйекте «JAMBYL» телеарнасынан сағат 20.11-де көрсетілді. (https://taraztv.kz/ru/news/society/effektivnost-gosudarstvennoi-programmy-1).
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау» бойынша ақпарат барлық қол жетімді ақпараттық ресурстарда (облыстық «Знамя труда», қалалық «Жамбыл Тараз» БАҚ-на жарияланғанын, қала әкімінің «taraz.zhambyl.gov.kz» сайтына және аталған сайттың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» парақшасының «Ақпараттар» тармағына, «Акимат города Тараз», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» «Facebook», Instagram әлеуметтік желілеріне) орналастырылды.
Қала әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №81-ө өкімімен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес қаңтар айында 1 әкім аппараты бөлімшесінде (Тараз қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінде), 4 әкімдік бөлімде ақпан айында (Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде), маусым айында (Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде), тамыз айында (Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде), қазан айында (Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде) және қараша айында 1 (Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында) бақылау іс-шаралары жүргізілді.
І тоқсанда ішкі бақылау нәтижесі бойынша кемшіліктер және мерзім бұзі фактілері анықталған жоқ.
І тоқсанда ішкі бақылау нәтижесі бойынша жіберген кемшіліктері үшін, атап айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша арыз-шағымдардың мерзімдерін бұзғаны үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының бас мамандары: А.Егембердиеваға, А.Копбосыноваға, С.Смаганбетовке, Н.Мамадалыға және мемлекеттік қызмет стандартының көрсету мерзімін бұзғаны үшін жалпы секторының бас маманы Ә.Мамытаевқа, мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу секторының бас маманы У.Сейдуановаға «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
ІІ тоқсанда ішкі бақылау нәтижесі бойынша жіберген кемшіліктері
үшін, атап айтқанда, өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше атқармағаны үшін Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Н.Молдағазыға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
ІІІ тоқсанда ішкі бақылау нәтижесі бойынша жіберген кемшіліктері
үшін, атап айтқанда, өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше атқармағаны үшін Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисті Н.Сапарға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
ІV тоқсанда ішкі бақылау нәтижесі бойынша жіберген кемшіліктері үшін, атап айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылған өтініштер бойынша заң бұзушылықтарға жол бергені үшін Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Н.Телеуовке «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды және өзіне жүктелген қызметтік міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің маманы Ж.Нугмановаға «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.