Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының

2026 жылдың ІІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
47 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (7 %);
  • электронды түрде – 44 қызмет (93 %).

2026 жылдың ІІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО 13 247 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 13 144 қызмет (99,2 %);
  • қағаз түрінде – 103 қызмет (0,8 %).

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 3 013 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2026 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 151 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).        

Дата публикации
06 октября 2026