Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2026 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының

2026 жылдың ІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
47 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (7 %);
  • электронды түрде – 44 қызмет (93 %).

2026 жылдың ІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО 18 146 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 17 945 қызмет (98,9 %);
  • қағаз түрінде – 201 қызмет (1,1 %).

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2 818 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 165 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).    

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІ тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде 2026 жылдың 22 мамыр – 4 маусым аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.

Дата публикации
08 июля 2026