Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

«Б Е К І Т Е М І Н»

«Жамбыл су» ШЖҚ МКК директорының у.м.а.

Даулеткулова Г.М.

___________ «____»_______

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады. Сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.

Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Жамбыл су» ШЖҚ МКК

 

 

№ р/с Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
1. Мемлекеттік сатып алу және материалдық –техникалық жабдықтау бөлім бастығы (басшы) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру ҚР «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңының 1 тарау 5-бап тармақ талаптарының орындалмауы, яғни мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасы арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсамау, тауардың бағасын нарықтағы бағадан жоғарылатып қою мүмкіндігі
2. Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері (орындаушы) Тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсетуге (сумен жабдықтау және кәріз желілерін жүргізіп беру) рұқсат беру құжатын ресімдеу Рұқсат беру құжатын ресімдеуді бағдарлайтын ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020ж.22.05. №42 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін  қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары талаптарын сақтамай әзірлеу мүмкіндігі
3. Тұтынушылар бөлімінің бақылаушысы (орындаушы) Тұтынушылардың ауыз су пайдалану, төлемақы жасау тәртібін бақылау ҚР 2003ж.09.07. №481 Су кодексі тармақ талаптарына қарама қайшы айқындалған ауыз су пайдалану тәртібін бұзғаны туралы құқық бұзушылықты жасырып, жеке басының пайдасына лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану мүмкіндігі

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

комплаенс қызметі бастығы                                                                                                                Тулешев К.Ж.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы