Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

6-қосымша

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы:

 

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Бөлім басшысы

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұйымдастыру және бақылау; бюджеттік жоспарлау және бюджет қаражатын игеру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің сақталмауы; бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде субъективті шешім қабылдау; мемлекеттік сатып алуды ерекше тәртіппен жүзеге асыру негіздерінің жеткілікті деңгейде негізделмеуі; ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі

Жоғары

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты лауазымды тұлға

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштерді қабылдау және қарау, құжаттардың толықтығы мен тиісінше рәсімделуін тексеру, ақпараттық жүйелерге мәліметтер енгізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындау

Белгіленген рәсімдерді тиісінше сақтамау; құжаттарды тексеру кезінде субъективтілік таныту; мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жекелеген өтініш берушілерге негізсіз артықшылық беру мүмкіндігі

Жоғары

Мемлекеттік сатып алуға жауапты лауазымды тұлға

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру; сатып алу тәсілін айқындау; сатып алу құжаттарын әзірлеу; ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; шарттардың орындалуын бақылау

«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісін қолдану негіздерінің жеткілікті деңгейде негізделмеуі; жекелеген өнім берушілерге артықшылық беру мүмкіндігі; бәсекелестіктің шектелуі; мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығының төмендеуі

Жоғары

Бюджеттік жоспарлау және қаржыға жауапты лауазымды тұлға

Бюджеттік өтінімдерді және қаржыландыру жоспарларын әзірлеу; бюджет қаражатын жоспарлау және игеру; қаржылық құжаттарды рәсімдеу; бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау

Бюджет қаражатына қажеттілікті жеткіліксіз негіздеу; бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау немесе пайдалану; қаржылық және рәсімдік бұзушылықтарға жол беру; ішкі қаржылық бақылаудың жеткіліксіздігі

Жоғары

Бюджет қаражатын игеруге және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына жауапты лауазымды тұлға

Бюджет қаражатының игерілуін, жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын және төлемдерге негіз болатын құжаттардың сәйкестігін бақылау

Бюджет қаражатын пайдалану және шарттарды орындау кезінде бақылау рәсімдерінің жеткіліксіздігі; орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелер бойынша төлем жүргізу тәуекелі; қаражатты тиімсіз пайдалану мүмкіндігі

Орта

 

 

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы