Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
бойынша әдістемелік
ұсынымдарға
4-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі КММ-сі
| № р/с | Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сипаттама |
| 1 | Жоспарлау және қала аумағы секторының бас маманы Сапарбеков Нұрболат Суинбекович | Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын дайындау және бекіту.«Ғимараттарды бұзу жұмыстарын ұйымдастыру және рұқсат беру»«Эскиздік жобаларды келісу» «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» | Мүдделер қақтығысы: жеке таныстарға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету, қызыл сызықтан ауытқу арқылы заңсыз эскиздік жобаларды бекіту. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қызмет алушының толық құжаттарынсыз оң шешім беру, нормативтік талаптарды сақтамау. |
| 2 | Бас жоспар және қала құрылысы кадастры секторының маман Ембаев Бағдат Айдаралиевич | «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» | Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы өз өкілеттігін асыра пайдалану. |