МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ - ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ - ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ

 

Талас ауданы әкімі аппаратының бастамасымен ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні аудан әкімі аппарат басшысы Е. Малкайдаров медиаторлық жасап мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша семинар - кеңес өткізді.

Семинарға аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, Қаратау  қаласы және ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  жауапты мамандар қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметтер көрсету  тәртібі  және ауылдық округ әкім аппараттарында орналасқан «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» туралы Талас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесінің бас маманы Қ. Ә. Шәріпхан хабарлама жасады.

Жиынды қорытындылай келе «Е- лицензия» ақпараттық жүйесіне келіп түскен өтініштердің бизнес – процестері және мерзімдері қатаң бақылауға алынуы қажет екендігіне баса назар аударылуы ескертілді.